Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік»
03
октябрь
2021
«Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік»
Қазанның бірінші жексенбісі - Ұстаздар күні. Кәсіби мереке қарсаңында мұғалімдердің мерейін асырып, еңбегін бағалау дәстүрге айналған. Осыған орай 01.09.21 күні Жанаргүл Сағымжанқызы мен Айнұр Жұмағазықызының жетекшілігімен 11 сынып оқушылары мерекелік концерт ұйымдастырды. Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар ұстаздарды түрлі дәрежедегі Құрмет грамоталарымен марапаттады. Өнерлі оқушыларымыз әннен шашу шашып, мың бұрала билеген бишілер өнерлерін ортаға салды.
Ардагер ұстаздарды құттықтады
02
октябрь
2021
Ардагер ұстаздарды құттықтады
Мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымы мен "Тамшы" еріктілер клубы мүшелері, кадет сыныбы оқушылары және мұғалімдеріміз Ұстаздар күні мен Қарттар күні аясында ардагер ұстаздарды айтулы мерекелерімен құттықтап шықты. Осы игі шара жылдың соңына дейін жалғасын таппақ...
"Өзін-өзі басқару күні" ұйымдастырылды
02
октябрь
2021
"Өзін-өзі басқару күні" ұйымдастырылды
Мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері, 10 сыныптың оқушылары Ұстаздар күніне орай 01.10.21 күні "Өзін-өзі басқару күнің" ұйымдастырды. Мақсаты: Жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, дербестікке, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Мұғалім мамандығын насихаттау. Көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру.
“Тіл мерейі - ел мерейі”
28
сентябрь
2021
“Тіл мерейі - ел мерейі”
“Тіл - білімнің кілті” атты онкүндік аясында 6-7 сыныптар арасында "Тіл мерейі - ел мерей" атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша І-орынды 7в сынып оқушысы Сарықан Кәлима, ІІ-орынды 7б сынып оқушысы Нұқасым Мубина мен 7а сынып оқушысы Амантай Нұрай, ІІІ-орынды 6б сынып оқушысы Айқынұлы Шапағат, 6ә сынып оқушысы Серікқабыл Жаннұр және 7а сынып оқушысы Ермекбай Альфия иеленді. Құттықтаймыз!
"Тәуелсіздік - Тұғырым" атты дебаттық ойын өткізілді
22
сентябрь
2021
"Тәуелсіздік - Тұғырым" атты дебаттық ойын өткізілді
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 21.09.2021 күні мектбіміздің "Алаш" дебаттық клубы жетекшісі Әсел Ерланқызы Абдрахманованың ұйымдастыруымен 6 сынып оқушылары арасында "Тәуелсіздік - Тұғырым" атты дебаттық ойын өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру. Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты жастарды анықтау және ынталандыру. Мектеп оқушылары арасында пікір-сайыстың деңгейін көтеру.
Мектеп Президенті анықталды...
22
сентябрь
2021
Мектеп Президенті анықталды...
Мектебімізде "Жас Ұлан" мен "Өзін-өзі басқару" балалар мен жасөспірімдер ұйымы ережесіне сай 2021 жылдың 8-22 қыркүйек күндері аралығында "Мектеп Президентін" сайлау науқаны жүргізілді. Әр үміткер осы күндері аралығында өз бағдарламасын таныстырып, мектептің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды. 22 қыркүйек күні .docs.google.com. платформасы арқылы онлайн дауыс беріліп, сайлаудың нүктесі қойылды. “Мектеп Президентін” сайлау бойынша дауыс беру нәтижесінде үміткерлер: 10 “Ә” сынып
7-10 сыныптар аралығында ФУТБОЛДАН жарыс өткізілді
22
сентябрь
2021
7-10 сыныптар аралығында ФУТБОЛДАН жарыс өткізілді
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні мектебімізде дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Талдықорған қаласының 20 жылдық мерей тойына арналған 7-10 сыныптар аралығында ФУТБОЛДАН жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша 8 сыныптар І орынға, 9 сыныптар ІІ орынға және ІІІ орынға 10 сынып командасы ие болды. Сонымен қатар 9а сынып оқушысы Серкан Жан "Үздік шабуылшы" атағына, 8б - Жақсылық Әбілмансұр "Үздік қақпашы", ал 7в сынып оқушысы Зейнел Өскен "Үздік
Армрестлингтен үш жүлде!
18
сентябрь
2021
Армрестлингтен үш жүлде!
Мектебіміздің 10 сынып оқушылары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Қала күні" мерекесі аясында армрестлинг-қол күресінен өткен ашық қалалық жарыста үздіктер қатарынан көрінді! Абилхамит Балжан 1-орын, Оралбекұлы Оралжан 2-орын және Сұлтан Ислам 3-орынға ие болды. Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы армрестлинг жеңімпаздарын қабылдап, өз құттықтауын білдірді  Құттықтаймыз!
«Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!»
18
сентябрь
2021
«Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!»
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні мектебімізде дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Талдықорған қаласының 20 жылдық мерей тойына арналған «Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!» атты 5 сыныптар арасында эстафеталық жарыс өткізілді. 9 кезеңнен тұратын тартысты бәсекеде 5 команданың ішінен 5б сынып оқушылары жеңімпаз атанды. Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа
"Электр қуаты ойыншық емес!"
18
сентябрь
2021
"Электр қуаты ойыншық емес!"
Мектебімізде 2021 жылдың 17 қыркүйек күні Электр жарақатының алдын алу бойынша "Электр қуаты ойыншық емес!" атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Электр тогының қауіптілігі - бұл түссіз, иіссіз және оны көруге де, естуге де болмайды. Арнайы құрылғыларсыз электр тоғын анықтау мүмкін емес. Статистикаға сәйкес, электр жарақаттары негізінен бастауыш пен орта буын мектеп жасындағы балаларда