Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім алушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толтырудағы атқарылып жатқан жұмыстардың жүргізілуі барысы туралы»
24
декабрь
2021

«Білім алушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толтырудағы атқарылып жатқан жұмыстардың жүргізілуі барысы туралы»

2021жылдың 23 желтоқсаны күні «Жетекші мектеп» құрамындағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп –лицейі «Білім алушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толтырудағы атқарылып жатқан жұмыстардың жүргізілуі барысы туралы» қалалық вебинар өткізді. Вебинарда математика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Исабаева Маржан Жанатбекқызы; физика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Исембаева Гүлнар Абдыкалыковна; география пәнінің мұғалімі Дихамбаева Айгерім Салауадиновна; биология пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Абдрахманова Бота Төлегенқызы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған мұғалімдер «Жазғы мектеп -2021» де өнімді жұмыс жасады. Олар 2021-2022 оқу жылының жартыжылдығы бойынша да білім алушылардың білімінде кеткен олқылықтарды жоюда жақсы нәтиже көрсетті. Сабақ беретін сыныптары бойынша білім сапасы артты. Оқушылары қалалық білім байқауларында жүлделі орындар алды, білімдегі олқылықтарды жоюда озат тәжірибе жинады. Вебинарда Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп -лицейінің ғылыми – әдістемелік орынбасары Биғайша Серікболқызы Қауметова модераторлық етті. Вебинар соңында әріптестер кері байланыс жасап, өз ұсыныстарын енгізді. Құнды, пайдалы тәжірибелері үшін өз алғыстарын білдірді.