Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлы дала ұстазының өнегелі әңгімелері» атты сахналық қойылымдар байқауы
22
декабрь
2021

«Ұлы дала ұстазының өнегелі әңгімелері» атты сахналық қойылымдар байқауы

2021 жылдың 22 желтоқсан күні мектебімізде "Оқуға құштар мектеппіз" жобасы аясында ұлт ұстазы Ыбрай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған 7-8 сыныптар арасында «Ұлы дала ұстазының өнегелі әңгімелері» атты сахналық қойылымдар байқауы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың қазақ халқының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларға сайыс жүргізе отырып дүниетанымын кеңейту, есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Кітапханадағы әдебиеттерге қызығушылығын арттыру.
Байқауда барлығы 8 команда бақ сынасты. Нәтижесінде 7в сынып оқушылары І орынға ие болып, жеңімпаз атанды, жүлделі ІІ орынға 8б сыныбы мен 7а сынып оқушылары ие болды, ал ІІІ орынға 8а сыныбы, 7ә сыныбы және 8в сынып оқушылары табан тіреді. Барлық жүлдегерлер грамоталармен және әдеби кітаптармен марапатталды.
Сонымен қатар жас суретшілеріміз Ы.Алтынсариннің шығармалары желісімен сурет салу байқауына қатысып, көрме ұйымдастырылды.