24
декабрь
2021
ФУТЗАЛДАН жарыс өтті
2021 жылдың 23 желтоқсан күні мектебімізде дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 8-11 сыныптар аралығында ФУТЗАЛДАН жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша 8 сыныптар І орынға, 11 сыныптар ІІ орынға және ІІІ орынға 9 сыныптар ие болды. Сонымен қатар 11ә сынып оқушысы Абден Дарын "Үздік ойыншы" атағына, 8б - Жақсылық Әбілмансұр "Үздік қақпашы", ал 8ә сынып оқушысы Асан Абзал "Үздік шабуылшы" атағына ие болды! Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету. Ойын арқылы білім, білік дағдыларын кеңейту.




