15
декабрь
2021
«Ұлттық рухы биік жалынды жастар»
2021 жылдың 14 желтоқсан күні мектебімізде "Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" бағдарламасы бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлттық рухы биік жалынды жастар» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш шарада мектебіміздің өнерлі оқушылары жүректі тебірентер сахналық көріністер қойып, патриоттық әндер шырқады. Шараның басты мақсаты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының ауқымды идеяларын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру. Ар-намысы, патриоттық рухы жоғары азаматты тәрбиелеу, желтоқсан құрбандарын еске алып, тағзым ету болып табылады. Осы игі шараға ұлт аманатын арқалап, жастар тәрбиесіне жандары ашып жүрген азаматтарымыз, қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері: қалалық ардагерлер кеңесі әдістеме бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрайымы Каримова Гүлнар Ақойқызы, кеңес мүшелері Исмаилов Құрмаш, Шыңғожанова Нұртай Уалиқызы, әжелер төрайымы Сағатбекова Назипа Қапанқызы және Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Талдықорған қаласының «Құрметті» азаматы Темірбайұлы Кендебай қатысып, өздерінің оң бағаларын беріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыстарын білдірді. Мектеп әкімшілігі барлық қатысқан оқушыларға және осы іс-шараны ұйымдастыруда өз үлестерін қосқан Б.Тайыржанқызына, Г.Бейсенбайға, М.Ботаеваға, Г.Мұқанға, Ж.Сағатоваға, М.Мыңбосыновқа, А.Басабиге және Қ.Ж.Қуанышбаевқа алғыстарын білдіреді.










