24
декабрь
2021
«Өзің оқыған кітапты, өзгеге табыста»
"Оқуға құштар мектеппіз" жобасы аясында үстіміздегі жылдың 23 қараша мен 23 желтоқсан күндері аралығында «Өзің оқыған кітапты, өзгеге табыста» ұранымен БУККРОССИНГ айлығы жүргізілді. Осы ай ішінде мектеп мұғалімдері мен қызметкерлер мектеп кітапханасына өзі оқыған кітаптарын сыйға тартты. Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы осы айлыққа қатысқан барлық белсенділерге өз алғысын білдірді. Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі болып табылады. Кітапты сыйға тарту науқаны оқу жылы соңына дейін жалғасын таппақ.










