18
декабрь
2021
«Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпағына аманат»
2021 жылдың 8 мен 15 желтоқсан күндері аралығында мектебімізде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпағына аманат» атты апталық өткізілді. Барлық сыныптарда тақырыпқа сай сыныптан тыс іс-шаралары өткізілді. 1-4 сыныптарда "Менің Отаным -Тәуелсіз Қазақстан!" тақырыбында тәрбие сағаттары, 5-7 сыныптарда "Тәуелсіздік шежіресі - елімнің мәртебесі" атты топтық сайыстар, 8-9 сыныптарда "Тәуелсіздік -тұғырым" атты дебаттық ойындар, 10-11 сыныптарда "Заманауи Қазақстан" конференциясы өткізілді. Мектептің өнерлі оқушылары мен "Шамшырақ" театр үйірмесі оқушыларының қатысуымен «Ұлттық рухы биік жалынды жастар» атты қалалық сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді. 5 және 2 сынып оқушылары "Жас қыран", "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданып, салтанатты түрде ант берді. Жас педагог мамандарымыз қалалық "Тәуелсіз елдің жастары" атты видео челленджге қатысты. 10-11 сыныптар арасында мектепішілік «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өткізіліп, жеңімпаздары марапатталды. Сондай-ақ кітапханада және мәжіліс залында «Тәуелсіздік тірегіміз» атты көрме ұйымдастырылып, видео арқылы библиографиялық шолу көрсетілді.








