Открытый орган » Страница 18 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"100 жаңа оқулық - Болашаққа бастама" -  облыстық конференция
18
апрель
2018
"100 жаңа оқулық - Болашаққа бастама" - облыстық конференция
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 18 сәуір күні №1, №4 және №18 мектептердің кітапхана меңгерушілерінің ұйымдастыруымен мектебіміздің кітапханасында "100 жаңа оқулық - Болашаққа бастама" - облыстық конференция өткізілді. Аталмыш шараға Алматы облыстық білім басқармасының бас маманы Айдос Бостан, қалалық білім бөлімінің аға әдіскері Какимбаева Қарлығаш Демесінқызы, аудандардан кітапхана меңгерушілері және №1,4,18 мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты. «Рухани жаңғыру»
"Ғарышты бағындырған - Мәңгілік ел батырлары"
12
апрель
2018
"Ғарышты бағындырған - Мәңгілік ел батырлары"
Рухани жаңғыру" бағдарламасындағы "100 жаңа есім" жобасы аясында ағымдағы жылдың 12 сәуірінде мектебімізде Ғарышкерлер күніне орай 2-7 сыныптарда "Ғарышты бағындырған - Мәңгілік ел батырлары" атты сынып сағаттары ұйымдастырылды. Аталмыш шарада алғаш ғарышқа ұшқан Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және жерлесіміз Айдын Айымбетов туралы сондай-ақ адамзаттың тұңғыш ғарышкерлері Ю.А. Гагарин, В. Терешкова жайында ғұмырнамалық деректер айтылды. Сынып сағаттарының мақсаты:
Облыстық "Аламан бәйгеден" жүлделі ІІІ орын!
03
апрель
2018
Облыстық "Аламан бәйгеден" жүлделі ІІІ орын!
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 23 наурыз күні "Әз-Наурыз" мерекесіне арналған Көксу ауданы, Жетіжал ауылында өткен облыстық "Аламан бәйге" жарысында мектебіміздің 4б сынып оқушысы Жақсылық Әбілмансұр жүлделі ІІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз!
"Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді
26
март
2018
"Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Рухани қазына» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 20 наурыз күні мектебімізде "Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мектеп алаңында концерттік бағдарлама, спорттық ойындар мен ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Мектеп асханасында әр сынып наурыз көже таратып, ұлттық тағамдардан дастархан жайды. Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.
«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге»
09
март
2018
«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге»
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ағымдағы жылдың 7 наурыз күні 10 сынып оқушылары мен мектебіміздің ер мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты мерекелік концерт өткізілді. Аталмыш концертте нәзік жанды аруларымызға арналған әсем әндер мен күйлер шырқалып, мәнерлеп өлендер оқылды. Сондай-ақ мектеп директоры қолынан бірқатар ұстаздар марапатқа ие болды.
"Әлия-Мәншүк сіңілілері"
05
март
2018
"Әлия-Мәншүк сіңілілері"
8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаныңда үстіміздегі жылдың 2 наурызыңда мектебімізде АӘД пәнінің мұғалімі Б.Бөкенбаевтың ұйымдастыруымен "Әлия-Мәншүк сіңілілері" атты 8-10 сынып қыздары арасында әскери байқау өткізілді. Байқау екі номинация бойынша өтті, 1- Пневматикалық мылтықтан ату, 2- АК автоматын бұзып-жинау. Жарыс өте тартысты өтті, нәзік жанды қыздарымыз жоғары белсенділіктерін көрсете білді. Қорытындысында, пневматикалық мылтық атудан: 1 орын - Сүлейман Аяжан 10а сын., 2 орын -
"Өсер елге - өнерлі ұрпақ" атты өнерпаздар додасы
05
март
2018
"Өсер елге - өнерлі ұрпақ" атты өнерпаздар додасы
Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні мектебімізде эстетика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушылары арасында "Өсер елге - өнерлі ұрпақ" атты өнерпаздар додасы өтті. Байқау 4 кезең бойынша бағаланды: І кезең "Таныстыру", ІІ - "Әуенді суретпен бейнеле", ІІІ - "Сәндік киім үлгісі" және ІҮ кезең "Үй тапсырмасы", яғни өздері жасаған қолөнер бұйымын көпшілікке таныстыру. Нәтижесінде І орынға 7а сынып оқушылары, ІІ орынға 8ә мен 7ә сынып оқушылары және ІІІ орынға 8б мен 7б сынып оқушылары ие
"Жырлаймын туған елімді"
05
март
2018
"Жырлаймын туған елімді"
"Туған жер" бағдарламасы аясында 2018 жылдың 1 наурыз күні 7 сыныптардың ұйымдастыруымен "Жырлаймын туған елімді" атты жергілікті ақындармен кездесу кеші өткізілді. Осы әдеби кешке Республикалық "Ел-Назар" журналының бас редакторы, ақын Ерғазы Манап, облыстық "Жетісу" газетінің тілшісі, ақын Жұматай Оспанұлы, облыс әкімінің бас инспекторы Гүлбақыт Қасен қатысты. Мақсаты, жергілікті ақындардың өмірі мен шығармашлығын таныстыру, ақындадың өлеңдері арқылы тілге, Отанға, туған еліне деген
Азаматтық қорғаныс күні
05
март
2018
Азаматтық қорғаныс күні
1-ші наурыз бүкіл дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай мектепішілік шаралар ұйымдастырылды. 26.02.18-01.03.18 аралығында барлық сыныптарда бірінші сабақта төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс күніне байланысты тақырыпта сынып сағаттар өткізілді. Онда оқушыларға төтенше жағдай кезінде, қалай әрекет жасау туралы шаралар айтылды. Әр сыныпта төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс күніне байланысты қабырға газеттері шығарылды. Екі ауысымда да жер сілкінісіне байланысты сейсможаттығулар
"Ұлт қазынасы аспаптар үніңде" атты сазды-танымдық шоу
05
март
2018
"Ұлт қазынасы аспаптар үніңде" атты сазды-танымдық шоу
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында 2018 жылдың 27 ақпаныңда мектебімізде эстетика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ұлт қазынасы аспаптар үніңде" атты сазды-танымдық шоу бағдарламасы өткізілді. Осы аталмыш шараға Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы әртістері келіп, ұлттық музыкалық аспаптарымыздың тарихы туралы, әр аспаптың дыбыс ерекшеліктері туралы мағұлыматтар берді, кдомойнап және дәстүрлі әндер шырқады. Сонымен қатар залға жиналған