09
март
2018
«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге»
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ағымдағы жылдың 7 наурыз күні 10 сынып оқушылары мен мектебіміздің ер мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты мерекелік концерт өткізілді. Аталмыш концертте нәзік жанды аруларымызға арналған әсем әндер мен күйлер шырқалып, мәнерлеп өлендер оқылды. Сондай-ақ мектеп директоры қолынан бірқатар ұстаздар марапатқа ие болды.