05
март
2018
Азаматтық қорғаныс күні
1-ші наурыз бүкіл дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай мектепішілік шаралар ұйымдастырылды. 26.02.18-01.03.18 аралығында барлық сыныптарда бірінші сабақта төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс күніне байланысты тақырыпта сынып сағаттар өткізілді. Онда оқушыларға төтенше жағдай кезінде, қалай әрекет жасау туралы шаралар айтылды. Әр сыныпта төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс күніне байланысты қабырға газеттері шығарылды. Екі ауысымда да жер сілкінісіне байланысты сейсможаттығулар өткізілді.