12
апрель
2018
"Ғарышты бағындырған - Мәңгілік ел батырлары"
Рухани жаңғыру" бағдарламасындағы "100 жаңа есім" жобасы аясында ағымдағы жылдың 12 сәуірінде мектебімізде Ғарышкерлер күніне орай 2-7 сыныптарда "Ғарышты бағындырған - Мәңгілік ел батырлары" атты сынып сағаттары ұйымдастырылды. Аталмыш шарада алғаш ғарышқа ұшқан Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және жерлесіміз Айдын Айымбетов туралы сондай-ақ адамзаттың тұңғыш ғарышкерлері Ю.А. Гагарин, В. Терешкова жайында ғұмырнамалық деректер айтылды. Сынып сағаттарының мақсаты: оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлерімен таныстыру.