05
март
2018
"Әлия-Мәншүк сіңілілері"
8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаныңда үстіміздегі жылдың 2 наурызыңда мектебімізде АӘД пәнінің мұғалімі Б.Бөкенбаевтың ұйымдастыруымен "Әлия-Мәншүк сіңілілері" атты 8-10 сынып қыздары арасында әскери байқау өткізілді. Байқау екі номинация бойынша өтті, 1- Пневматикалық мылтықтан ату, 2- АК автоматын бұзып-жинау. Жарыс өте тартысты өтті, нәзік жанды қыздарымыз жоғары белсенділіктерін көрсете білді. Қорытындысында, пневматикалық мылтық атудан: 1 орын - Сүлейман Аяжан 10а сын., 2 орын - Қанибекова Гүлнұр 9ә сын. және 3 орын - Сүлейман Аружан 9ә сын. оқушысы. Ал АК автоматын бұзып-жинаудан 1 орын - Шешенбаева Жамилә 10 сын. оқушсы, 2 орын - Мұқанғали Ақерке 9б сынып оқушысы және 3 орын – Қанапьянова Ақерке 10 сынып оқушысы.