Материалы за Октябрь 2025 года » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
31
октябрь
2025
Жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
2025 жылдың күзгі демалысы аясында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Бала қауіпсіздігі - басты назарда» тақырыбында құзырлы органдармен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиын барысында оқушылардың демалыс уақытында өмірі мен денсаулығын сақтау, аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу мен тіршілік әрекетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері қаралды.  Қонақтар:  Қалалық Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы, полиция майоры Қанатбеков Руслан Канатбекович.  
«JLC Сут» зауытына өндірістік саяхат ұйымдастырылды.
31
октябрь
2025
«JLC Сут» зауытына өндірістік саяхат ұйымдастырылды.
"Кәсіптік бағдар" беру мақсатында 23 қазан күні оқушыларға ашық сабақ форматында «JLC Сут» зауытына өндірістік саяхат ұйымдастырылды. Зауыт қызметкерлері балаларға сүт өнімдерін өндіруде қолданылатын жабдықтар мен технологияларды көрсетті, сонымен қатар олардың құрамы мен пайдасы туралы қажетті ақпарат берді. Өндірістік тур аясында балалар зауыттың зертханасымен және сүт өнімдерін шығаратын негізгі цехпен танысты. Зауытта балалар айран, биойогурт, сүзбе, құрттан дәм татуға мүмкіндік алды.
«Сынып жетекшінің басты проблемалары және тиімді шешу жолдары»
30
октябрь
2025
«Сынып жетекшінің басты проблемалары және тиімді шешу жолдары»
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде “Каникулдық мектеп” аясында сынып жетекшілермен коучинг өткізілді. Коучинг тақырыбы: «Сынып жетекшінің басты проблемалары және тиімді шешу жолдары» Мақсаты: Сынып жетекшілердің кәсіби қиындықтарын анықтап, оларды бірлесе шешудің тиімді жолдарын ұсыну. Коучинг барысында қатысушылар өз тәжірибесімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады және сынып жетекшінің жұмысындағы заманауи тәсілдер мен тиімді коммуникация жолдары
«КітапQUIZ» – Әдеби викторина!
29
октябрь
2025
«КітапQUIZ» – Әдеби викторина!
«КітапQUIZ» – Әдеби викторина! Мектебімізде 7-сынып оқушылары арасында «КітапQUIZ» атты әдеби викторина өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттырып, кітап оқуға баулу, есте сақтау қабілеті мен логикалық ойлауын дамыту. Байқау бірнеше бөлімнен тұрды: 1️⃣ Таныстыру және топқа бөліну 2️⃣ «Кітап әлеміне саяхат» викторинасы 3️⃣ Әдеби кейіпкерлер мен кітап атауларына байланысты сөзжұмбақ пен ребус шешу 4️⃣ Қорытынды кезең – жеңімпаздарды анықтау Оқушылар өз білімдерін,
«Республика күні – намысты ұландар»
28
октябрь
2025
«Республика күні – намысты ұландар»
2025 жылдың 15 қазан мен 24 қазан күндері аралығында мектебімізде 25 қазан – Республика күніне арнлаған «Республика күні – намысты ұландар»  атты патриоттық онкүндігі өткізілді. Онкүндік аясында «Тәуелсіздік – ел бақыты» кітап көрмесі мен «Қыран елім – Қазақстаным!» қолөнер көрмесі ұйымдастырылды, барлық сыныптарда "Менің Қазақстаным" тақырыбында сынып сағаттары өткізілсе, 7-8 сыныптарда интеллектуалды ойындар өткізілді. 10-11сыныптар «Қазақстан еліне саяхат» тақырыбында Эссе жазды. Мектептің
«Қыран елім – Қазақстаным!» 🇰🇿
27
октябрь
2025
«Қыран елім – Қазақстаным!» 🇰🇿
25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде «Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарын, ұлттық нақыштағы әшекейлер мен туындыларын ұсынды. Шараның мақсаты – жас ұрпақ бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ұлттық дәстүр мен қолөнерге қызығушылығын арттыру. Балалардың еңбектерінен туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш айқын көрінді. 
«Түнгі қаладағы балалар»
26
октябрь
2025
«Түнгі қаладағы балалар»
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 05 қыркүйек күні және 25 қазан күні қалалық Полиция департаменті қызметкерлері, қалалық білім бөлімі мен білім беру мекемелерімен бірлесе түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік шаралар жүргізілді. Рейдтік шара қала бойынша компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық клубтарға, саябақтар мен жағажайларда және көпқабатты үйлердің ауласына ұйымдастырылды. Рейд барысында мектебімізден кәмелетке
📬 СЕНІМ ЖӘШІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
24
октябрь
2025
📬 СЕНІМ ЖӘШІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Мектебімізде орнатылған Сенім жәшігі кезекті рет тексерілді.   Мақсат – оқушылардың ұсыныс, пікір, шағымдарын назарға алып, олармен ашық әрі сенімді байланыс орнату. -️ Барлық хаттар құпия түрде қаралады.   - Әр ұсыныс ескерусіз қалмайды. Сенім жәшігі – сіздің дауысыңызды еститін орын.   Тәрбиелік және қауіпсіз орта қалыптастыру – бәріміздің ортақ міндетіміз!
«Отанымның берік қалқанымын» 🛡️
24
октябрь
2025
«Отанымның берік қалқанымын» 🛡️
23 қазан күні Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 7 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Жас сақшы» полиция сыныбының ант қабылдау салтанатты рәсімі жоғары деңгейде өтті. ​ИНСТА​​​ Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, елге адал қызмет етуге тәрбиелеу болды. Салтанатты жиынға құрметті қонақтар қатысты: 👮‍♂️ Жетісу облысы Полиция департаменті Арнайы және кәсіби даярлығы басқармасының орынбасары, полиция подполковнигі Шалқар Бейсенұлы
Мектеп президенті куәлігі табысталды
23
октябрь
2025
Мектеп президенті куәлігі табысталды
Бүгін Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 2025–2026 оқу жылына арналған мектеп президенті сайлауының жеңімпазы Мұрат Ерасылға ресми түрде мектеп президенті куәлігі табысталды. Бұл — үлкен сенім мен жауапкершіліктің белгісі! Жаңа президентімізге сәттілік, белсенді жұмыс және тың бастамалар тілейміз!  ​https://www.instagram.com/p/DQJPHdNjMir/​​​