Мероприятие » Страница 85 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Отбасы құндылығы - татулық пен бірлікте"
10
ноябрь
2022
"Отбасы құндылығы - татулық пен бірлікте"
«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында 2в сынып жетекшісі Несіпбекова Эльмира Матайқызы ата-аналармен "Отбасы құндылығы - татулық пен бірлікте" тақырыбында жиналыс өткізді. Мақсаты: отбасы мүшелерінің үйлесімді қарым-қатынасына ықпал ету, өзара сыйластығы мен бірін-бірін құрметтеу, баланың отбасындағы өмір сүру деңгейін жақсарту, отбасы татулығын байыту, отбасына және оның мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық көмек беру.
«Балалық шақты бірге қорғайық»
09
ноябрь
2022
«Балалық шақты бірге қорғайық»
«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында 5"В" сынып жетекшісі Абылқас Меруерт Төлеуханқызы 09.11.2022 күні мәжіліс залында "Ата-аналар жиналысын" ұйымдастырды. Ата-аналар лабиринт арқылы шақыру билетін тауып, билет жанындағы әр түрлі заттарға қатысты афоризм құрып, өз ойларын-тілектерін білдірді. «Жылулық шеңбері» шеңберін жасап, психологиялық ахуал орнатылды. Сынып жетекшісі жалпы сынып туралы мәлімет беріп, І-тоқсан қорытындысымен таныстырды. Пән мұғалімдері сыныпқа
"Біз біргеміз: Бала тәрбиесі баршаға ортақ"
09
ноябрь
2022
"Біз біргеміз: Бала тәрбиесі баршаға ортақ"
«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында 2ғ сынып жетекшісі Ньязбаева Әлия Нұрдарқызы "Біз біргеміз: Бала тәрбиесі баршаға ортақ" тақырыбында жаңа форматта ата аналар жиналысын өткізді. Мақсаты: мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болып табылады.
"Жолда абай болайық!"
07
ноябрь
2022
"Жолда абай болайық!"
Мектебімізде кадет сыныбы оқушыларынан құралған "Жас қозғалыс инспекторы" тобының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптарда "Жолда абай болайық!" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Дойбыдан І орын!!!
06
ноябрь
2022
Дойбыдан І орын!!!
Мектебіміздің ұстаздар командасы қала мектептері қызметкерлері арасында ДОЙБЫДАН өткен жарыста І орынға ие болды. Олар: Базылжанов Айбек, Оспанова Дана, Ермухамбетов Қайрат. Құттықтаймыз!
"Жаңартылған білім беру мазмұнында жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру"
06
ноябрь
2022
"Жаңартылған білім беру мазмұнында жас мамандардың кәсіби
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде" 2022 жылдың 03 қарашасы күні "Тәлімгерлік тәжірибеде" жобасы аясында "Жас мұғалімдер мектебінің" кезекті отырысы өтті. Бұл күні жас мұғалімдерге "Жаңартылған білім беру мазмұнында жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру" тақырыбында педагог-сарапшы, қалалық "Жыл мұғалімі-2022" байқауының ІІ орын жүлдегері Есемқұл Аяна мен педагог-модератор қалалық "Лучший сынып жетекшісі-2022" байқауының І орын жүлдегері Анел Нүсіпханова "Шебер
«Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі
28
октябрь
2022
«Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі
Шығармашыл оқушылар арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі бойынша мектебіміздің 10б кадет сыныбы оқушысы Русланқызы Жансая мен жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нүсіпханова Әнел "Жетісу-Дарын" орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!
«Қазақстан - Менің Отаным» атты қабырға газеттер байқауы өткізілді
28
октябрь
2022
«Қазақстан - Менің Отаным» атты қабырға газеттер байқауы өткізілді
Республика күніне орай 7 сыныптар арасында «Қазақстан - Менің Отаным» атты қабырға газеттер байқауы өткізілді. Нәтижесінде І орынға 7ғ сыныбы, ІІ орынға 7в сыныбы және ІІІ орынға 7ә сыныбы мен 7б сыныптары ие болды. Сондай-ақ "Лучший суретші" атағына 7ғ сынып оқушысы Шарымбай Томирис иеленді. Құттықтаймыз! #республикакүні #деньреспубликирк