«Досыңа кітап сыйла» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
28
март
2023

«Досыңа кітап сыйла»

"Оқуға құштар мектеппіз!" жобасы аясында мектебімізде мектеп ұстаздары мен оқушылары «Досыңа кітап сыйла» атты оқырмандар арасында бір-біріне өздерінің оқып тауысқан кітабын насихаттап, досына табыстау шарасы өтті.
Жас оқырмандар кітаптан бір-біріне сыйлық жасап, өздерінің оқыған кітаптары туралы пікір алмасты. Әлем ұлыларының кітап туралы даналық ой-пікірлері айтылып, оқуға әдебиеттер ұсынылды.
Мақсаты: оқырмандар арасында қарапайым және мейірімге толы кітапты досыңа немесе отбасы мүшесіне сыйға тартуға үйрету, кітаптың құндылығын айтып, ең бағалы сыйлық ретінде қабылдауға үйрету. Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын, кітаптың қоғамдағы ролін арттыру. Адамзат баласының ой-санасын рухани жаңғыртатын бірден-бір құрал- кітап екенін жеткізе білу.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0285Xzr7mb4jHNQQLrjdvy7mFSuh6i6LnbUgKL69MU49FvXMF5ogE8z5GGqnkHecD9l&id=100007330783860​​​