Мероприятие » Страница 86 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Қалалық жарыстарда жүлделі орын!
25
октябрь
2022
Қалалық жарыстарда жүлделі орын!
25 қазан - Республика күніне арналған қала мектептері арасында "МІХ 4х400" жеңілатлетикалық эстафеталық жарыста оқушыларымыз жүлделі ІІ орынға ие болды. Олар: 11б сынып оқушысы Тоқтарбай Гүлім, 10б кадет сыныбы оқушылары Айтұмахнбет Әбілмансұр, Қуан Жанел, Бақытжан Әміре. Сондай-ақ Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында ұлттық АСЫҚ АТУ спорт түрінен өткен жарыста командамыз ІІ орынға ие болды. Олар: Қуан Жанел, Ризабек Ерсұлтан және Әділхан Әділет. Құттықтаймыз!🏆🥇
«Тұғыры биік – Республикам менің»
24
октябрь
2022
«Тұғыры биік – Республикам менің»
Мектебімізде 2022 жылдың 11 - 25 қазан күндері аралығында – Республика күнін мерекелеуге арналған «Тұғыры биік – Республикам менің» атты апталық өткізілді. Апталық аясында 1-6 сыныптарда бірыңғай тәрбие сағаттары өткізіліп, "Атамекен" тақырыбында диктант жазылды. 3 сыныптар арасында «Қыран елім -Қазақстан!» атты жылдам оқу байқауы, 7 сыныптар арасында «Қазақстан - Менің Отаным» қабырға газеттер байқауы, 8 сыныптар арасында «QAZAQ eli» зияткерлік сайыс, 8-9 сыныптар арасында дебаттық ойын
«Қыран елім-Қазақстан» атты жылдам оқу байқауы
22
октябрь
2022
«Қыран елім-Қазақстан» атты жылдам оқу байқауы
Мектебімізде "Оқуға құштар мектеппіз!" жобасы аясында 25-қазан Республика күніне орай 3 сыныптар арасында «Қыран елім-Қазақстан» атты жылдам оқу байқауы өткізілді. Жылдам оқу сайысы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Қазақстан еліне сиқырлы саяхат» атты кітабы бойынша өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша: І орынға 3а сынып оқушысы Жұмахан Абылай, ІІ орынға 3б - Берікұлы Бағлан, 3в - Нәкен Мұқтар мен Абикен Мирас, ІІІ орынға 3а сынып оқушысы Амантай Айша мен 3б сынып оқушысы
Кезекті "Оқу-жаттығу дабылы" шарасы ұйымдастырылды
22
октябрь
2022
Кезекті "Оқу-жаттығу дабылы" шарасы ұйымдастырылды
2022 жылдың 21 қазан күні мектебімізде төтенше жағдайлар кезіндегі зақымдану мен тасаттықтың алды алу мақсатында "Оқу-жаттығу дабылы" шарасы ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу аясында мектеп ғимараттарынан 600-ге жуық адам қауіпсіз аймаққа шығарылып, әдістемелік көмек көрсетілді. Сондай-ақ АӘДТ пәні мұғалімі Б.Мустафинов жоғары сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі ережелері мен ыстан сақтану жолдары туралы дәріс өткізді.
"Бесшатыр - тарихтың алтын көмебесі"
21
октябрь
2022
"Бесшатыр - тарихтың алтын көмебесі"
25 қазан - Республика күніне орай 20.10.2022 күні 10 сынып оқушыларына "Бесшатыр - тарихтың алтын көмебесі" ұранымен Алтын-Емелдігі Бесшатыр қорымына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды туған жердің тарихын, мәдениетін танып-білуге үйрету және өз өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, бабалар рухына құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады. #республикаказахстан #республикакүні
«Сан түрлі көзқарастағы жат ағымдардан сақтанайық!»
21
октябрь
2022
«Сан түрлі көзқарастағы жат ағымдардан сақтанайық!»
Мектебімізде 20.10.2022 күні Жетісу облысы Дін істер басқармасының теолог маманы Керімов Айбек Тұрсынұлы жоғары сынып оқушыларымен «Сан түрлі көзқарастағы жат ағымдардан сақтанайық!» тақырыбында ашық алаң кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға кереғар діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік берілді. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екені түсіндірілді.
"Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы"
16
октябрь
2022
"Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы"
2022 жылдың 10 - 14 қазан аралығында мектебімізде "Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы" тақырыбында экологиялық тәлім сағаттары апталығы өткізілді. Апталық аясында 1-4 сыныптарда "Құстар біздің досымыз", "Табиғаттағы жануарлар әлемін қорғайық" тақырыптарында тәрбие сағаттары, 4 сыныптарда "Менің сүйікті домжануарым" сурет салу эстафетасы, 5 сыныптар арасында "Табиғатты аялайық" тақырыбында плакат салу байқауы, 6 сыныптарда "Қалдық заттарға екінші өмір сыйла" бұйым жасау көрмесі, 7 сыныптарда
«Ата-анаңды құрметте, ұстазыңды ұлықта, бір-біріне қамқор бол»
14
октябрь
2022
«Ата-анаңды құрметте, ұстазыңды ұлықта, бір-біріне қамқор бол»
Мектебіміздің "Әке мектебі" кеңесі жоспарына сай 13.10.2022 күні 8 сынып оқушыларымен «Ата-анаңды құрметте, ұстазыңды ұлықта, бір-біріне қамқор бол» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа кеңес мүшелері: Серікбек Балқыбеков, Қадір Байәділұлы, Бауыржан Төкенұлы, Елнұр Мелісұлы және Бауыржан Мустафиновтар қатысып, өз ақыл-кеңестерін берді. Шара соңында батагөй ақсақалымыз Серікбек Балқыбеков балаларға ақ тілек, батасын берді. "Әке мектебі" кеңесін құрудағы мақсат – отбасылық құндылықтарды
Төтенше жағдайлар басқармасының мұражайына танымдық саяхат
12
октябрь
2022
Төтенше жағдайлар басқармасының мұражайына танымдық саяхат
25 қазан - Республика күніне орай мектебіміздің АӘДТ пәнінің мұғалімдері 11.10.2022 күні 10 сынып оқушыларына Талдықорған қаласындағы Төтенше жағдайлар басқармасының мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды. Экскурсияның мақсаты: Оқушылардың кәсіптік бағдарлау дайындығын ұйымдастыру, құтқарушылар мен өрт сөндіруші мамандығының адамдар үшін өмірлік маңызды екенін түсінуді қалыптастыру. Құтқарушылардың ерліктерін насихаттай отырып, патриоттық сезімдерін ояту. Шара барысында оқушылар өрт сөндіру