"Көнекөз шеберлердің ізін жалғап, ұлттық қолөнерімізді үйрену - бүгінгі ұрпақтың басты парызы" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Көнекөз шеберлердің ізін жалғап, ұлттық қолөнерімізді үйрену - бүгінгі ұрпақтың басты парызы"
04
апрель
2023

"Көнекөз шеберлердің ізін жалғап, ұлттық қолөнерімізді үйрену - бүгінгі ұрпақтың басты парызы"

"Әкелер мектебі" жобасы аясында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында мектебімізде 03.04.2023 күні эстетика пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен "Көнекөз шеберлердің ізін жалғап, ұлттық қолөнерімізді үйрену - бүгінгі ұрпақтың басты парызы" атты шеберлік сағаты өткізілді. Аталмыш шараға арнайы шақырылған Абай атындағы Қаз ҰПУ Көркем білім кафедрасының аға оқытушысы, магистр, Евразия дизайнерлер одағының мүшесі Құлжабаев Есенкелді Усабайұлы, Ұлттық дизайн академиясының Академигі "Лучший ұстаз" иегері, Евразия дизайнерлер одағының мүшесі Қырғауыл Кәкейқызы, "Әкелер мектебі" кеңесінің белсенді мүшесі, Жетісу облыстық "Батагөй" байқауының жеңімпазы Балқыбеков Серікбек атамыз және Педагогика ғылымдарының кондидаты, доцент, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Адамқұлов Нұрәлі Мерекебайұлы қатысып, шеберліктерін көрсете отырып, тәлім сағатын өткізді. Мақсаты: Ұлтымыздың қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.