Мероприятие » Страница 84 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
«Дебат ережелері: КП, АПФ,БФ пікірсайыс түрлерінің ерекшеліктері»
23
ноябрь
2022
«Дебат ережелері: КП, АПФ,БФ пікірсайыс түрлерінің ерекшеліктері»
Мектептегі «Алаш» дебаттық клубының 8-сынып оқушыларымен дебат тренері А.Садуакасова алдағы өтетін қалалық интеллектуалды турнирге дайындық мақсатында «Дебат ережелері: КП, АПФ,БФ пікірсайыс түрлерінің ерекшеліктері» тақырыбында тренинг өткізді. #лидердебаты #жетісуоблысыпікірсайысқозғалысы #iamdebater #rumcdomonrk #мендебатермын #ядебатер #ұшқыройалаңы
"Бақытты ана - бақытты бала - бақытты ел"
23
ноябрь
2022
"Бақытты ана - бақытты бала - бақытты ел"
«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында "Аналар мектебі" жоспарына сай 18.11.2022 күні "Бақытты ана - бақытты бала - бақытты ел" тақырыбында көпбалалы аналармен кездесу өткізілді. Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту; Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу. 
«Педагогикалық дебют-2022» байқауында ІІ орын!
21
ноябрь
2022
«Педагогикалық дебют-2022» байқауында ІІ орын!
2022 жылдың 17 қарашасы күні өткізілген қалалық «Педагогикалық дебют-2022» байқауында мектебіміздің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсенбай Гүлдана жүлделі ІІ орынға ие болды. Жас мұғалімді алғашқы жеңісімен мектеп-лицей директоры Шалқар Мелісұлы Құдайбергенов құттықтап, алдағы ұстаздық қызметіне табыстар тіледі.
БАСКЕТБОЛДАН өткен жарыста ІІ орын!
17
ноябрь
2022
БАСКЕТБОЛДАН өткен жарыста ІІ орын!
Мектебіміздің ұлдар командасы Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында БАСКЕТБОЛДАН өткен жарыста 5-6 сыныптар бойынша ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете берейік! 🏆🥇
«Құқтық сауаттылық-заман талабы» атты брейн ринг
17
ноябрь
2022
«Құқтық сауаттылық-заман талабы» атты брейн ринг
«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында АӘТД пәнінің оқытушысы Б.Мустафинов кадет сыныбы оқушыларымен «Құқтық сауаттылық-заман талабы» атты брейн ринг өткізді. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл, зерделі тұлға тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту, тарих және құқық пәндеріне қызығушылығын арттыру. Конституцияны,
Шахматтан ІІ орын!
15
ноябрь
2022
Шахматтан ІІ орын!
Мектебіміздің командасы Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында ШАХМАТ спорт түрінен өткен жарыста 7-8 сыныптар бойынша ІІ орынға ие болды. Олар: Айдархан Акылжан (8ә), Сейдіғалым Бекжан (8Б) және Биқасым Алима (7б сыныбы). Сондай-ақ 5-6 сыныптар бойынша Камалбеков Дастан (5в) үздік ойын көрсеткені үшін марапатталды. Жетекшісі д/ш пәнінің мұғалімі Базылжанов Айбек. Құттықтаймыз!🏆🥇
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Нашақорлық: балалар зиянды заттар әлемінде»
14
ноябрь
2022
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Нашақорлық: балалар
«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында 11.11.2022 күні мектебімізде Алматы облыстық салауатты өмір салты кабинеті қызметкері, валеолог Шарипбаева Алина Аскарбекқызы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, подполковник Искакова Меруерт Сейітқызының қатысуымен «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Нашақорлық: балалар зиянды заттар әлемінде» тақырыптарында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Келген мамандар және мектеп
"Адал ұрпақ - 2022" байқауында үздіктер қатарынан көріндік
13
ноябрь
2022
"Адал ұрпақ - 2022" байқауында үздіктер қатарынан көріндік
Мектебіміздің оқушылары "Адал ұрпақ - 2022" ерікті мектеп клубтарының қалалық байқауында үздіктер қатарынан көрініп, Алғыс хатқа ие болды! Құттықтаймыз! #антикор #антикоррк #адалұрпақ #адалұрпақклубы
Бес тас ұлттық спорттан І орынға ие болдық!
13
ноябрь
2022
Бес тас ұлттық спорттан І орынға ие болдық!
Мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында Бес тас ұлттық спорт түрінен өткен жарыста І орынға ие болды. Жетекшісі д/ш пәнінің мұғалімі Самат Амантайұлы. Олар: Ырысбекқызы Тоқжан, Төрехан Аяжан, Ғымыңгелді Айару. Құттықтаймыз!🏆🥇