Мероприятие » Страница 111 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
ЮНИСЕФ еріктілері сынып сағатын өткізді
30
апрель
2021
ЮНИСЕФ еріктілері сынып сағатын өткізді
ЮНИСЕФ-тің волонтерлық бағдаламасы жоспарына сай, волонтер Александра Крашинина мектебіміздің 6-7 сынып оқушыларымен "Балалардың жол қауіпсіздігі" тақырыбында қашықтықтан сынып сағатын өткізді. Шара барасында ойындар, тренингтер жүргізіліп, оқушылар сұрақ-жауап арқылы тақырыпты жан - жақты қарастырып, сыни тұрғыдан ойланып жауап берді.
«Чернобыль жаңғырығы»
27
апрель
2021
«Чернобыль жаңғырығы»
«Біз болашаққа жауаптымыз» экологиялық білім беру апталығы аясында Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында 2021 жылдың 26 сәуір күні мектебімізде «Чернобыль жаңғырығы» ұранымен бірыңғай сыныптан тыс іс-шаралары жүргізілді. 8 сыныптар арасында «Чернобыль – қайғылы оқиға, ерлік, ескерту» тағзым сағаты, 9 сыныптар арасында «Жарық сөнбесін!» - «Чернобыль трагедиясы» тәрбие сағаты, 10 сыныптар арасында «Жер ана тынысы» - «Чернобыль
"Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек" атты дөңгелек үстел
27
апрель
2021
"Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек" атты дөңгелек үстел
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымды бағыттарын түсіндіру мен насихаттау мақсатында мектептің «Адал ұрпақ» мүшелерінің ұйымдастыруымен Зуум платформасы арқылы жоғары сынып оқушыларымен "Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек" атты дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында халыққа адал қызмет ету мемлекеттік қызметкерлердің ең басты міндеті, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты екенін тілге тиек етті. Қатысушылар
"Әлемді шарлаған "Абай жолы" атты брейн-ринг өткізілді
24
апрель
2021
"Әлемді шарлаған "Абай жолы" атты брейн-ринг өткізілді
23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні аясында Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» романының 80 жылдығына орай мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мария Ботаеваның ұйымдастыруымен 10 сынып оқушылары арасында "Әлемді шарлаған "Абай жолы" атты брейн-ринг өткізілді. Мақсаты: Жастарды қазақстандық патриотизмге, адамгершіллікке, туған тілі мен әдебиетін құрметтеуге, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. М.Әуезов шығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Жеке
"Жаны саудың - тәні сау!"
23
апрель
2021
"Жаны саудың - тәні сау!"
 "Денсаулықты ықпал ететін мектептер" жобасы аясында 2021 жылдың 23 сәуір күні Алматы облыстық "Салауатты өмір салтын калыптастыру орталығының" мамандары М.Сыдыкбекова, А.Шарипбаева мектебіміздің 8-9 сынып оқушыларымен "Өзіңді туберкулезден қорға!", "Жаны саудың - тәні сау!" тақырыптарында пікір-сайыс семинарын өткізді.
"Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы"
19
апрель
2021
"Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы"
18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай 2021 жылдың 19 сәуір күні мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мария Данабатшақызы Ботаеваның ұйымдастыруымен 6 сынып оқушылары арасында Сара Тастанбекқызының шығармашылығына арналған "Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы" атты танымдық-саяхат сабақ өткізілді. Онлайн барысында жыр сүйер оқушыларымыз ақынның өлеңін жатқа оқып берсе, кітапханшымыз библиографиялық шолу жүргізді. Ал негізгісі Ақын Сараның мемориалдық мұражай үйінің
«Ата-ана үлгісі-бала тәрбиесінің нәтижелігінің кепілі»
19
апрель
2021
«Ата-ана үлгісі-бала тәрбиесінің нәтижелігінің кепілі»
2021 жылдың 16 сәуір күні «Ата-ана үлгісі-бала тәрбиесінің нәтижелігінің кепілі» тақырыбында қала мектептері ата-аналарына арналған қалалық вебинар өткізілді. Аталмыш вебинарда мектеп психологтары тарапынан, А.Н.Нұғыманова мен Д.Қ.Көкежанова "Ата-аналар махаббаты: Баланың оны сезініп, естіп және көруіне қалай қол жеткізуге болады" тақырыбында дәріс оқылып, кеңестер берілді. Шара соңында ата-аналар өз алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі алар орны
«Тәуелсіздік табыстырған нар тұлға»
18
апрель
2021
«Тәуелсіздік табыстырған нар тұлға»
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебімізде 5 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік табыстырған нар тұлға» атты танымдық сағат өткізілді. Шара барысында белгілі спортшы, таеквондодан қара белбеу 6-шы дан иегері, ҚР Таеквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүріктің спорттағы жетістіктері мен еңбек жолы туралы айтылды. Мұстафа Кәбенұлы Өзтүрік - 23.11.1954 жылы Түркия елінде, Кайсери қаласы манындағы Мұсаходжалы ауылында дүниеге келген. Мұстафаның
«Қауіпсіз Интернет» ақпараттық кампаниясы өз мәресіне жетті
17
апрель
2021
«Қауіпсіз Интернет» ақпараттық кампаниясы өз мәресіне жетті
Үстіміздегі жылдың 4 сәуірінде бастау алған «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық кампаниясы өз мәресіне жетті. Осы аптада 7-8 сыныптарда «Әлеуметтік желідегі этикет» сұхбаттасу сағаты, 9 сыныптарда «Ғаламтордағы терроризм» пікір алмасу сағаты, 10 сыныптарда «Интернеттің оң және теріс жақтары» дебаттық ойын және 11 сыныптарда «Интернет менің өмірімде» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды. Мектеп психологтары тарапынан «Балалар арасындағы интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу» тақырыбында
"Ғарышты бағындырған - Ұлы дала батырлары"
13
апрель
2021
"Ғарышты бағындырған - Ұлы дала батырлары"
2021 жылдың 12 сәуірінде - Ғарышкерлер күніне орай бастауыш пен орта буын сыныптарында "Ғарышты бағындырған - Ұлы дала батырлары" ұранымен тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Аталмыш шарада алғаш ғарышқа ұшқан адам Ю.А. Гагарин, В. Терешкова және Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және жерлесіміз Айдын Айымбетов жайында ғұмырнамалық деректер айтылып, әлемдегі теңдесі жоқ «Байқоңыр» Халықаралық ғарыш станциясы жайында тарихи мәліметтер берілді. Сонымен қатар Қазақстан ғылымы мен