14
март
2022
"Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді
2022 жылдың 11 наурыз күні мектепішілік "Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді. Сайыстың мақсаты — талантты мұғалімдерді анықтау, білім берудің жаңашылдық педагогикалық тәжірибесін насихаттау, педагогтардың шығармашылық өсуін қолдау, мұғалімнің жеке басының дамуын ынталандыру. Байқау бес кезеңнен тұрды: 1 кезең, шығармашылық таныстырылым - "Мен 21 ғасыр мұғалімімін", 2 кезең, сұрақ-жауап "Ой-көкпар", 3 кезең, бейнеролик түсіру "Өз-өзіне режиссер", 4 кезең - Импровизациялық тапсырма "Тәрбие деген тәңір бар" және 5 кезең - "Өнерге әркімнің-ақ бар таласы" деп аталады. Байқау барысында мұғалімдер шығармашылық жағынан жан-жақты сынға түсіп, жаңа идеяларымен де бөлісті. Сонымен қатар өнер сайысында да қызықты номерлерге толы болды. Қорытындысында Бас жүлдеге ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есемқұл Аяна Маратқызы, І орынға қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нүсіпханова Анель Мұратханқызы, ІІ орынға орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нұрлыбекова Динара Болатовна және ІІІ орынға математика пәнінің мұғалімі Тлегенова Сания Мұханқызы мен тарих пәнінің мұғалімі Рысбаева Фариза Аманқосқызы ие болды. Сондай-ақ байқауға қатысқан Әмір Мырзахмет, Айфара Әбильмолдаева, Айдана Демейова, Алтынай Ашимова сынды ұстаздарымыз түрлі номинацияларға ие болды. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар дипломдармен және мектепішілік кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ендігі кезекте осы байқауда орын алған ұстаздарымыз қалалық байқауда мектеп намысын қорғамақ. Құттықтаймыз!!!






