14
март
2022
Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат
2022 жылдың 11 наурыз күні мектебіміздің АӘДТ пәнінің оқытушысы Б.Мустафинов 10 сынып оқушыларына қаламыздағы Алматы облыстық Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды. Аталмыш мұражайда Жетісу жерінде алғаш құрылған милиция сарбаздарының арнайы пішінді киімі мен сол кезде қолданған қару-жарағы, сонымен бірге, қызметтік міндетін орындау кезінде ерлік көрсеткендердің өмірі мен қызметін баяндайтын деректер оқушылардың қызығушылықтарын оятты.










