10
март
2022
"Маска" шоу-бағдарламасы өткізілді
2022 жылдың 9 наурыз күні "Шеберлік пен әсемділік, қабілет пен икемділік үйлесімділігі нағыз адам болудың басты шарты" атты эстетика пәндері бірлестігінің апталығы басталды. Апталықтың ашылуында мұғалімдер арасында "Маска" шоу-бағдарламасы өткізілді. Музыкалық жобаға барлығы 9 үміткер қатысып, бақ сынасты. Әр өнерпаз арнайы костюмдер мен маскаларда өнер көрсетті. Нәтижесінде шоу ережесіне сай құпиясы ашылмаған өнерпаздар жеңіс тұғырынан көріне білді. І орынға "Аю-Тедди" костюмінде болған дефектолог Смагулова Мақпал жеңіске жетсе, ІІ орынды "Қуыршақ" киімінде болған информатика пәнінің мұғалімі Қалиева Әсия иеленді, ал ІІІ орынға "Патрик" киімінде болған қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бейсенбай Гүлдана мен "Телефон" костюмінде болған ДТЖ орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев ие болды. Эстетика пәндері бірлестігі барлық қатысушыларға қолдан жасалған бұйымдар мен тәттілерді табыстап, грамоталармен марапаттады.
















