"Діни экстремизм мен терроризм қаупі" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
10
март
2022

"Діни экстремизм мен терроризм қаупі"

2022 жылдың 10 нурыз күні "Жас Ұлан" БЖ ұйымының ұйымдастыруымен "Жастар ресурстық орталығының" теолог маманы Сайлаубай Наурыз Саматұлы "Діни экстремизм мен терроризм қаупі" тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді. Аталмыш шара оқушылар мен маман арасында диалог түрінде өтті. Дінтанушы-теолог маманның ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті. Қазіргі таңда қоғамда белең алып бара жатқан діни ахуалдар төңірегінде және дәстүрлі емес діни ағымдар туралы, соның ішінде ланкестік әрекеттерге итермелейтін идеологиялар туралы кеңінен мағлұмат беріп, сақтану жолдары туралы кеңес берді. Іс-шараның соңында оқушылар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.