Информация » Страница 145 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Күз тартуы" қолөнер көрмесі
17
октябрь
2019
"Күз тартуы" қолөнер көрмесі
Мектебіміз қала күні мерекесі шеңберінде ұйымдастырылған "Күз тартуы" қолөнер көрмесі байқауында ІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз! Барлық еңбекқор да өнерлі оқушыларымызға және осы оқушылардың жетекшілері Жанаргүл Сағымжанқызына, Қуаныш Молдажанұлына және Бауыржан Төкенұлына алғысымызды білдіреміз! Сондай-ақ бейбіт өмірдің батыры, ұшқыш Айдын Айымбетовпен суретке түсу біз үшін үлкен қуаныш.
"Аңыз адам - Балпық Би"
17
октябрь
2019
"Аңыз адам - Балпық Би"
Алматы облысы Жастар саясаты ұйымдастырған "Аңыз адам - Балпық Би" атты зияткерлік сайыста мектебіміздің 10 сынып оқушылары, "Бақтыбай тайпасы" тобы ІІІ орынға ие болды! Команда мүшелері Әсетқызы Аяжан, Нұрбосын Назерке, Жұмабай Олжас- топбасшы, Сайлаубай Әмір, Ғазиз Диас және Қажығалиұлы Қажымұрат! Құттықтаймыз! Шығар белестеріміз көп болғай!
Республикалық ЭКО сағат
17
октябрь
2019
Республикалық ЭКО сағат
Бүгін, яғни 03.10.19 күні еліміздің барлық жерінде Республикалық "эко сағаты" акциясы басталды. Осы орайда мектебімізде барлық сыныптарда экологиялық сағат өткізілді. Сонымен қатар салтанатты жиын өтіп, мектеп ауласына 20 түп қайын ағаштары отырғызылды. Осы игі шараға каратэ-до жекпе-жегінен үш дүркін азия чемпионы, бапкер Байжанов Біржан, мектепішілік Попечительский советінің төрайымы Бибигуль Тулегенқызы және мектеп ұстаздары мен мектебіміздің мақтаныштары, облысымыздың намысын қорғап жүрген
"Попечительский советі" үздіктер қатарында
17
октябрь
2019
"Попечительский советі" үздіктер қатарында
Мектебіміздің Попечительский советі білім беру ұйымы қызметінің дамуына жан-жақты үлес қосып, белсенділік көрсеткені үшін Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің Алғыс хатына ие болып, үздіктер қатарынан көрінді. ҚК төрайымы Шлембаева Бибигуль. Осы орайда мектеп әкімшілігі Бибигүль Тулегенқызы мен Гүлзира Тоқтарбекқызына өз алғыстарын білдіреді.
"Қауіпсіз орта!" акциясы
17
октябрь
2019
"Қауіпсіз орта!" акциясы
"Қауіпсіз орта!" акциясы аясында бүгін, яғни 25.09.19 күні мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларымен Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, Смайлова Айгүл Мусагуловна мен Султанбаева Айгерим Жасболатовна дәріс өткізді. Шара барысында 3 мәселе бойынша ақыл-кеңестер берілді: 1."Жарақаттардың түрі және алғашқы көмек", 2."Жыныстық тиіспеушілік", 3.Тұмауға қарсы профилактикалық екпенің пайдасы. Дәріс соңында оқушылар өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
"Шанс" орталығымен бірлескен шара
17
октябрь
2019
"Шанс" орталығымен бірлескен шара
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні мектебімізде 8-9 сынып оқушыларына Алматы облысы Талдықорған қаласындағы «Шанс» жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталығының қызметкерлері, заңгер мен психологтары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында жасөспірімдердің құқығы мен міндеті жайлы, қай жастан бастап заң алдында жауап беретіні туралы, ата-ана алардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану туралы, балаларға қатысты
"Бабаларға құрмет - бағалы тағылым"
17
октябрь
2019
"Бабаларға құрмет - бағалы тағылым"
"Бабалардың ерлігі - тәуелсіздіктің тірегі" ұранымен Балпық Би бабаның 325 жылдығына орай ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні мектебімізде жас маман, тарих пәнінің мұғалімі Әсель Абдрахманованың ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында "Бабаларға құрмет - бағалы тағылым" атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Бабалардың ерлігін, аманаттап кеткен өсиет сөздерін жас ұрпаққа насихаттау. Школьникам патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
"Суық қару серік емес"
15
октябрь
2019
"Суық қару серік емес"
"Жас Жігер" ұлдар ұйымы жұмысы шеңберінде үстіміздегі жылдың 10 қазан күні мектебіміздің инспекторы, полиция аға лейтенанты Гүлзира Сәкенова жоғары сыныптың ұлдарымен жиналыс өткізді. Жиналыста "Суық қару серік емес", "Жасөспірімдер арасында нашақорлық", "Бопсалау ауыр қылмыс" тақырыптарында баяндама оқып, көптеген мысалдар келтірді. Сонымен қатар оқушылардан зорлық-зомбылыққа қатысты және әлімжеттікке байланысты сауалнама алды.
«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және ұстазға деген құрметі» - ата-аналар жиналысы
21
сентябрь
2019
«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және ұстазға деген
Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйек күні мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды: 1.«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және ұстазға деген құрметі». 2.«Жасөспірімдер суицидінің алдын алу және болдырмау» 3. «Жасөспірім және құқықбұзушылық». 4."Қауіпті интернет желісі". Алғашқыда псхологиялық тренинг өткізіліп, мазмұнды видео топтамалар көрсетілді. Әр ата-анаға жадынама парақшалары таратылып, кеңес берілді. Жиын барысында ата-аналар