«Ғасырда бір туатын дара тұлға» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
16
январь
2020

«Ғасырда бір туатын дара тұлға»

2020 жылдың 15 қаңтар күні мектебімізде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың туған күніне арналған «Ғасырда бір туатын дара тұлға» тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді. Осы игі шараға арнайы шақырылған қонаевтанушы, профессор, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Хания Есдәулетқызы қатысты. Мақсаты: Школьникам қазақ елінің біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу болып табылады. Шара барысында шығармашыл оқушыларымыз Дінмұхамед Қонаевтың өнегелі өмірі мен ерлікке толы еңбегі жайлы мағлұматтар берді. Жас оқырмандар ақындардың Димаш ағамызға арнаған өлеңдерін, қанатты ой-пікірлерін жатқа оқып, өздерінің патриоттық сезімдерін, қошемет-құрметтерін білдірді. Шара соныңда құрметті қонағымыз Хания Есдәулетқызы сөз алып, Д.Қонаевтың ел басқарған кездеріндегі қызықтарына, елге жасаған жақсылықтарына кеңінен тоқталып өтті. Жас көрермендеріміз өз сауалдарын қойып, көптеген мағлұматтар алды.
«Ғасырда бір туатын дара тұлға»
«Ғасырда бір туатын дара тұлға»
«Ғасырда бір туатын дара тұлға»
«Ғасырда бір туатын дара тұлға»
«Ғасырда бір туатын дара тұлға»
«Ғасырда бір туатын дара тұлға»