06
январь
2020
«Қош келдің, Жаңа жылым мектебіме!»
2019 жылдың 25-27 желтоқсан күндері аралығында мектебімізде Жаңа 2020 жылды лайықты қарсы алу мақсатында кесте бойынша барлық сыныптарда «Қош келдің, Жаңа жылым мектебіме!» атты жасыл шырша манында ертеңгіліктер мен бал кештері ұйымдастырылды. Шара барысында көңілді ойындар жүргізіліп, өнерлі оқушыларымыз ән мен биден шашу шашты.
26 желтоқсан күні 6а және 7б кадет сыныбы тәлім алушыларын Талдықорған қаласы Полиция департаментінің басшылығы жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Салтанатты шараға Талдықорған қалалық полиция басқармасы бастығының 1 –ші орынбасары, полиция полковнигі Түсіпбеков Марат Сәулетұлы және ҚПБ орынбасары, полиция подполковнигі Утегенов Ерлан Құмарұлы арнайы қатысып, өз құттықтауларын білдірді, сондай-ақ Талдықорған қалалық полиция департаменті атынан балаларға сыйлықтар мен тәттілер тарту етті. Шара барысында кадеттер ән мен күйден шашу шашты.
Сондай-ақ дәстүрге айналған қала әкімінің жаңажылдық шыршасына мектебімізден көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балалардан 9 оқушы қатыстырылды. Осы қуанышқа ие болған балаларымызға жергілікті әкімшілік тарапынан жаңажылдық сыйлықтар ұйымдастырылды.