Информация » Страница 142 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Жас мамандарымыз партия қатарына қосылды
13
декабрь
2019
Жас мамандарымыз партия қатарына қосылды
Осы күндері Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мектебіміздің жас мамандары "Нұр Отан" партиясының қатарына салтанатты түрде қабылданды. Нақтылап айтсақ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әмір Мырзахмет партиялық билетті Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қолынан қабылдаса, әлеуметтік педагог Балауса Маратқызы Ерғожа Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Райылұлы Әбдірайымовтан қабылдап алды. Еңбек жолын осы оқу жылы ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек
"Ер жүректі - Ақжүрек"
13
декабрь
2019
"Ер жүректі - Ақжүрек"
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы бойынша ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні мектебімізде "Ер жүректі - Ақжүрек" атты 10 сынып оқушыларымен тәлім сағаты өткізілді. Аталмыш тәлім сағаты «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы жеңімпазы, спортшы Ақжүрек Таңатаровтың еңбегі мен жетістіктеріне арналды. Ақжүрек Достықұлы Таңатаров - спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше дүркін
"Зайырлы мемлекетіміздің рухани тірегі - білімді ұрпақ"
10
декабрь
2019
"Зайырлы мемлекетіміздің рухани тірегі - білімді ұрпақ"
Ағымдағы жылдың 9 қаңтар күні ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Зайырлы мемлекетіміздің рухани тірегі - білімді ұрпақ" атты тарих пәнінің апталығы бастау алды. Мақсаты: Школьникам өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттрін дамыту. Өткен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу. Аталмыш шарада өнерлі оқушыларымыз
«Baldauren New Year.kz» немесе Балдауренге оқушыларымызды шығарып салдық!
10
декабрь
2019
«Baldauren New Year.kz» немесе Балдауренге оқушыларымызды шығарып
«Балдәурен – Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығының 2019 жылға арналған ауысымдарының кестесіне сәйкес Талдықорған қаласынан 40 балаға жуық демалуға және білім алуға мүмкіндік алды. Ал біздің мектептен осы жолдамаға 3 оқушымыз ие болды. Осы жолғы «Baldauren New Year.kz» тақырыбындағы кезең 08-27 желтоқсан күндері аралығына жоспарланып отыр. Керемет қуанышқа толы жаңалықтар күтеміз!
"Поэзия әлемінің ақсұңқары"
10
декабрь
2019
"Поэзия әлемінің ақсұңқары"
2019 жылдың 5 желтоқсан күні мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мария Данабатшақызы Ботаеваның ұйымдастыруымен 8а сынып оқушыларының қатысуымен ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған "Поэзия әлемінің ақсұңқары" атты әдеби кеш өткізілді. Оқушыларымыз ақынның махаббат және отан тақырыбындағы шығармаларын оқыды. Іс-шара мақсаты - жастарды Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстырып, поэзиясын насихаттау, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
"Алатау асқан ақиық"
10
декабрь
2019
"Алатау асқан ақиық"
04.12.2019 күні мектебімізде "Алатау асқан ақиық" атты бастауыш сыныптар арасында мектепішілік Бақтыбай оқулары өткізілді. Оқушылар арасында ақын шығарма­шылығын насихаттау барысында өткізілген додаға 2-4 сынып оқушылары қатысып, бағын сынады. Бас жүлдені 4а сынып оқушысы Ермекбай Елдар жеңіп алса, І орынға 2ә сынып оқушы Нурахунова Нұржами, ІІ орынға 2ә сынып оқушысы Есімжанқызы Інжу мен 4б сынып оқушысы Айқынұлы Шапағат, ІІІ орынға 3в сынып оқушысы Нұрлан Алуа, 3б - Сейтқали Айзере және 4ә
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
10
декабрь
2019
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
04.12.19 күні Талдықорған қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі, әйелдерді зорлық-зобылықтан қорғау тобының аға-инспекторы, полиция-майоры Иманхатова Гульвира Жалғасбекқызы кадет сыныбы оқушыларымен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында кездесу сағатын өткізді. Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық мәдениеті, бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру.
Қауіпті сайттардан сақтанайық!
10
декабрь
2019
Қауіпті сайттардан сақтанайық!
2019 жылдың 27 қараша күні мектебімізде 8 сынып оқушыларына Алматы облысы Талдықорған қаласындағы «Шанс» жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталығының қызметкерлері, заңгер мен психологтары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында балалардың интернет-тәуелділігі жайлы сөз қозғалып, ақыл -кеңестер берілді. Яғни бұл жерде ВКонтакте, Фейсбук, Инстаграм желісіндегі түрлі қауіпті парақшалар, айтар болсақ суицидті үгіттейтін, жат діни ағымдарды насихаттайтын,
Мектебіміздің оқушылары қалалық "Жас ғалым" ғылыми жоба байқауында топ жарды!
10
декабрь
2019
Мектебіміздің оқушылары қалалық "Жас ғалым" ғылыми жоба байқауында
Мектебіміздің оқушылары қалалық "Жас ғалым" ғылыми жоба байқауында топ жарды! Олар: Әбдімажит Диана - 9а - ІІ орын, химия, жетекшісі Ғалия Өмірсерікқызы Қайрат Жасұлан - 10а - ІІ орын, құқық, жетекшісі Гүлнар Құрмашқызы Бекболатова Айгерім - 10а - ІІ орын, орыс тілі, жетекшісі Айгүл Сеитовна Тоқтамыс Ақмарал - 9а - ІІ орын, экология, ж/сі Ғалия Өмірсерікқзы Нұрбосын Жанерке -9а - ІІ орын, педагогика, ж/сі Бақытгүл Темірханқызы Ұланқызы Балжан - 8б - ІІ орын, астраномия, ж/сі Арайлым
«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары»
10
декабрь
2019
«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары»
Ағымдағы жылдың 29 қараша күні мектебімізде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» ұранымен бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Кітапханада және мәжіліс залында «Елбасы – кеменгер көшбасшы!» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 1-4 сыныптарда «Менің Тұңғыш Президентім» атты сынып сағаттары, 5-8 сыныптарда «Елбасы – ұлт көшбасшысы» атты тәлім сағаттары, 9 сыныптар арасында «Елбасының дара жолы» - интеллектуалды ойыны, 10-11 сыныптарда «Елбасы және