13
январь
2020
"Бір өлеңі - бір әлем"
Үстіміздегі жылдың 11 қаңтар күні қаламыздағы С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапханасында "Бір өлеңі - бір әлем" атты Жетісудың ақыны Танагөз Толқынқызының жыр кеші өткізілді. Осы кеште мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары Данабай Әлібек, Серікбекқызы Жібек жəне Абдолда Амина ақынның өлеңдерін жатқа оқып, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Ал осы оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен əдебиет пəнінің мұғалімі Раушан Рыспекқызы Құрманғалиева алғыс алды.