Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Адал ұрпақ: "Бағдарымыз - айқын, болашағымыз - жарқын!"
09
декабрь
2021
Адал ұрпақ: "Бағдарымыз - айқын, болашағымыз - жарқын!"
Бүгін, яғни 09.12.2021 күні Талдықорған қаласындағы, Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде мектеп ұстаздары, "Адал ұрпақ" клубы мүшелері мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Бағдарымыз айқын, болашағымыз жарқын» тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тренинг ұйымдастырылды. Аталмыш шара 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ортақ саясаттың маңыздылығы тақырыптарына
«Тәуелсіздік шежіресі – елімнің мәртебесі»
09
декабрь
2021
«Тәуелсіздік шежіресі – елімнің мәртебесі»
2021 жылдың 9 желтоқсан күні 6ғ сынып оқушылары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі – елімнің мәртебесі» тақырыбында интеллектуалды тапқырлар ойыны өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу. Қызыққа толы бұл ойын 5 кезеңнен тұрды: 1."Тарихи оқиғалар", 2."Мені
«Таңғажайып алаңы» зияткерлік ойыны өткізілді
02
декабрь
2021
«Таңғажайып алаңы» зияткерлік ойыны өткізілді
2021 жылдың 30 қараша күні мектебімізде 6ғ сынып оқушылары арасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» тақырыбында «Таңғажайып алаңы» зияткерлік ойыны өткізілді. Ондағы мақсат–атаулы күннің тарихын, мәнін оқушыларға насихаттау, Мемлекет басшысының ғибратты ғұмырынан сыр шертіп, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы Елбасының өлшеусіз еңбегін, Отанына деген адалдығын, еліне деген сүйіспеншілігін жас ұрпаққа үлгі ету болатын. Ойын нәтижесі бойынша Бас
«Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы»
01
декабрь
2021
«Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы»
2021 жылдың 24 - 30 қараша күндері мектебімізде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы» атты апталығы өткізілді. Кітапханада және дәлізде «Елбасы – кеменгер көшбасшы!» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 1-4 сыныптарда «Менің Тұңғыш Президентім» атты сынып сағаттары, 5-7 сыныптарда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» топтық сайыстар, 8-9 сыныптар арасында «Елбасы және Тәуелсіздік» дөңгелек үстел, 10 сыныптарда «Елбасы жолы» атты конференция өткізілді.
Әскери-спорттық жарыста топ жардық!
29
ноябрь
2021
Әскери-спорттық жарыста топ жардық!
Мектебіміздің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушысы Бауыржан Мустафинов шәкірттерімен қаламыздағы №5 орта мектеп-лицейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы Бауыржан Айтбаевтың 60 жылдық мерей тойына арналған қалалық "Ұстазыңдай шебер бол!" атты әскери-спорттық ойындарында І орынға ие болды. Жарыс барысында "Кермеге тартылу", "Саптық дайындық" кезеңдерінде үздік нәтиже көрсетсек, Қуан Жанел қызымыз "Шалқадан жатып кеудені көтеру" кезеңі
Тоғызқұмалақ жарысынан ІІІ орын!
28
ноябрь
2021
Тоғызқұмалақ жарысынан ІІІ орын!
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Оқушылар сарайында өткен қалалық тоғызқұмалақ жарысында 6ә сынып оқушысы Биқасым Алима ІІІ орынға ие болды! Сондай-ақ шахмат бойынша Елтай Ақбаян (4ә), Қамалбеков Дастан (4б) және тоғызқұмалақ бойынша қатысқан Тұрсынхан Мадияр (6ә) Алғыс хаттарға ие болды. Жетекшілері: А.Б.Шеңгелбаев, Ә.Базылжанов. Құттықтаймыз!!! Алар асуларымыз көп болғай!
"БУККРОССИНГ"
28
ноябрь
2021
"БУККРОССИНГ"
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының ауқымды идеяларын іске асыру мақсатында мектебімізде "БУККРОССИНГ" жобасы жалғасын табуда. Мақсаты: Оқуды мәдениеттің маңызды элементі ретінде және интеллектуалды әлеуетті, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін, жастардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру құралы ретінде толық қолдау болып табылады. Сондай-ақ "Кітапханаға кітап сыйла" марафоны және білім алушылар арасында 20 минут әдеби кітап оқу науқаны жалғасуда.
"Педагогикалық дебют-2021" байқауында ІІІ орын!
28
ноябрь
2021
"Педагогикалық дебют-2021" байқауында ІІІ орын!
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақерке Серікқызы қалалық "Педагогикалық дебют-2021" байқауында 3-ші орынға ие болды.
"Жас полиция" кадеттерімен дәріс
28
ноябрь
2021
"Жас полиция" кадеттерімен дәріс
Қалалық Полиция департаментінің полиция капитаны М.Абишев, полиция аға лейтенанты И.Фурманұлы және мектебіміздің инспекторы Г.Сәкенова "Жас полиция" кадеттерімен құқықтық тәрбие тақырыбында дәріс өткізді.