16
май
2022
"ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ-2022" байқауында І орын!!!
2022 жылдың12 мамыр күні қаламыздағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп базасында қалалық "Үздік сынып жетекшісі - 2022" байқауы өтті. Аталмыш байқауда мектебіміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 6 сыныптың жетекшісі Нүсіпханова Анель Мұратханқызы І орынды жеңіп алып, дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз! Алар асуларын көп болсын! Сынып жетекші байқауына арнайы құрылған шығармашылық топқа алғысымызды білдіреміз. Жеңістен жеңіске жете берейік!










