Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мамандықты өз жүрек қалауымен таңдау дұрыс деп есептейді»
16
май
2022

«Мамандықты өз жүрек қалауымен таңдау дұрыс деп есептейді»

"Балалар жылы" аясында Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде «Алаш» пікірсайыс клубының жоспарына сай 9-сыныптар арасында АПФ форматында мектепішілік дебат пікірсайыс ойыны өтті. Білім алушыларға дұрыс кәсіптік бағдар беру мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген бұл дебаттық ойындарда «БП мамандықты өз жүрек қалауымен таңдау дұрыс деп есептейді», «БП жас қылмыскерлерді ересектер сияқты жазалау керек деп есептейді» деген қарарлар талқыланды. 9-сынып оқушылары тақырыпты терең түсініп, қызу пікірсайыс жүргізді. Ойынға барлығы 7 команда қатысты:
1. «Нейро» – Ариланова Аида 9ә, Дүйсембекқызы Жанерке 9ә
2. «Нобель» тобы- Садыков Алихан 9ә, Арықбай Таңшолпан 9ә
3. «Қарлығаш» тобы- Мурсалимова Аружан 9ә, Медетқызы Томирис 9ә
4. «Шэлби» тобы – Дүнгенбай Думан 9ә, Нлеусіз Нияз 9ә
5. «Арыстан» тобы- Әділхан Әрсен 9ә, Мұратбек Аманияз 9ә
6. «Джеки» тобы- Берікбол Саят 9а, Ырысмұхамет Өрен 9ә
7. «Кадеттер» - Русланқызы Жансая 9б, Нұрқан Аружан 9б
Ойынға дебат жетекшісі А.Д.Садуақасова мен 10-сыныптың дебат мүшелері- Серікжан Ақмарал мен Алмасұлы Бейбарыс төрешілік жасап, жеңімпаз топтар мен «Үздік сөз шеберлерін» анықтады. Дебатшыларға қызықты ойын көрсеткендері үшін алғыс айтамыз!