19
май
2022
"Бақ жұлдызды - Бақтыбай!"
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 19 мамыр күні «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы тұжырымдамасы негізінде оқушыларды туған жердің тарихын, мәдениетін танып-білуге үйрету және өз өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, бабалар рухына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 6 сынып оқушыларына ақын Бақтыбай Жолбарысұлы кесенесіне танымдық саяхат ұйымдастырылды. Аталмыш шарада ақынның рухына тағзым етіліп, ақынның өлеңдері жатқа айтылды, мектебіміздің жас ақындары ақынға деген арнауларын оқыды.


