Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
май
2022

Дарынды оқушыларға қолдау көрсетілді

"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 16 мамыр күні 2021-2022 оқу жылы түрлі деңгейдегі білім сайыстарында жүлделі орын алған білім алушылар мектеп директорының АЛҒЫС ХАТЫМЕН және сыйлықтармен марапатталды.
Максаты: Дарынды оқушыларға қолдау көрсету, ынталандыру, оларды басқаларға үлгі ете отырып, мектеп-лицейдің олимпиадалық резервін қалыптастыру.
Алғыс хатпен жыл бойы келесі бағыттар бойынша жетістікке жеткен оқушылар марапатталды:
1) Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық, облыстық олимпиада жүлдегерлері;
2) Республикалық «Дарын» байқауының қалалық, облыстық кезеңінің жеңімпаздары;
3) Республикалық «Зерде» байқауының қалалық, облыстық кезеңінің жеңімпаздары;
4) Әдеби оқулардың қалалық, облыстық кезең байқаулары ( «Абай оқулары», «Ілияс оқулары», «Мұқағали оқулары», «Мағжан оқулары», «Қадыр оқулары»). Жеңістен жеңіске жете берейік! Дарынды балаларымыз көп болғай!