20
май
2022
Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік
Балалар жылына орай «Балалардың игілігі үшін» атты Республикалық акциясы аясында 2022 жылдың 17-23 мамыр күндері аралығында мектеп бойынша «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік» тақырыбында жасөспірімдер арасында оқыс оқиға мен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шара барысында каникул кезінде шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары мен жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі туралы, кішкене балаларды қараусыз қалуының алдын алу туралы, жасөспірімдер арасында қылмыстық әрекеттердің алдын алу бойынша нақты кеңестер беріліп, парақшалар таратылды.








