23
май
2025
«Мектебім, саған мың алғыс» атты соңғы қоңырау салтанаты өткізілді
2025 жылдың 23 мамыр күні мектебімізде «Мектебім, саған мың алғыс» атты соңғы қоңырау салтанаты өткізілді. Мектеп директоры С.Б.Жанаберлиева және арнайы келген қонақтарымыз ұстаздарды, ата-аналар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі. Қуанышты сезіммен рухтанған жас өрендеріміздің бір легі үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы оқу жылында 1324 оқушы білім алып, 104 ұстаз еңбек етті. Мектебімізді барлығы 36 түлек аяқтап отыр. 11 сынып түлектерінен 3 оқушы "Алтын белгіге" және 1 оқушы "Ерекше аттестатқа" үміткер болып отыр. Болашақтарына мақсат қойған бозбала мен бойжеткендер өз тілектерін білідіріп, ән мен биден шашу шашты.






