26
май
2022
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» - 2022
2022 жылдың 25 мамыр күні мектебімізде «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбы аясында «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанаты өткізілді. Мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі. Қуанышты сезіммен рухтанған жас өрендеріміздің бір легі келесі сыныпқа аттаған болса, енді бір легі үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы оқу жылында 1311 оқушы білім алып, 105 ұстаз еңбек етті. 190 оқушы үздік оқығаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. Мектебімізден 50 түлек мектеп бітіріп отырса, негізгі орта мектепті 92 оқушы аяқтап отыр. 11 сыныптардан 2 оқушы, Серікбек Жібек пен Төлеуғазина Айгүл "Алтын белгіге", ал Тоқтамыс Ақмарал "Ерекше аттестатқа" үміткер болып отыр. 9 сынып бойынша 12 оқушы үздік куәлікке үміткер болып отыр. Болашақтарына мақсат қойған бозбала мен бойжеткендер өз тілектерін білідіріп, ән мен биден шашу шашты.


















