Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2021

"Соңғы қоңырау сыңғыры-2021"

2021 жылдың 25 мамыр күні мектебімізде "Соңғы қоңырау сыңғыры" салтанаты өткізілді. Аталмыш шара Талдықорған қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды. Мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі. Әрмен қарай «Тәуелсіздік ұландары» тақырыбында сынып сағаттарымен ұласып жатты. Қуанышты сезіммен рухтанған жас өрендеріміздің бір легі келесі сыныпқа аттаған болса, енді бір легі үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы оқу жылында 1217 оқушы білім алып, 101 ұстаз еңбек етті. 180 оқушы үздік оқығаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. Мектебімізден 41 түлек мектеп бітіріп отырса, негізгі орта мектепті 97 оқушы аяқтап отыр. 9 сынып бойынша 10 оқушы үздік куәлікке бітіріп отыр. 11 сыныптардан 6 оқушы, Атайбек Аружан, Айтбаева Жұлдыз, Мұстапаева Эльдана, Қажығалиұлы Қажымұрат, Жұмабай Олжас, Сайлаубай Әмір "Алтын белгіге", ал Әсетқызы Аяжан "Ерекше аттестатқа" бітіріп отыр. Ақ жол саған, Жас түлек!!! /видео төменде/