Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июнь
2023

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

2023 жылдың 1 маусым күні мектебімізде «Жаңа Қазақстан - болашаққа бастар жол» тақырыбы аясында «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанаты өткізілді. Мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі. Қуанышты сезіммен рухтанған жас өрендеріміздің бір легі келесі сыныпқа аттаған болса, енді бір легі үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы оқу жылында 1292 оқушы білім алып, 110 ұстаз еңбек етті. 210 оқушы үздік оқығаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. Мектебімізден 59 түлек мектеп бітіріп отырса, негізгі орта мектепті 115 оқушы аяқтап отыр. 11 сынып түлектерінен 5 оқушы "Алтын белгіге" және 5 оқушы "Ерекше аттестатқа" үміткер болып отыр. Болашақтарына мақсат қойған бозбала мен бойжеткендер өз тілектерін білідіріп, ән мен биден шашу шашты.