Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2024

«Мектебім, саған мың алғыс»

2024 жылдың 25 мамыр күні мектебімізде «Мектебім, саған мың алғыс» атты соңғы қоңырау салтанаты өткізілді. Мектеп директоры С.Б.Жанаберлиева және арнайы келген қонағымыз, Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің маманы Құралхан Асем Нұрланқызы ұстаздарды, ата-аналар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі. Қуанышты сезіммен рухтанған жас өрендеріміздің бір легі үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы оқу жылында 1283 оқушы білім алып, 105 ұстаз еңбек етті. Мектебімізді барлығы 50 түлек аяқтап отыр. 11 сынып түлектерінен 2 оқушы "Алтын белгіге" және 4 оқушы "Ерекше аттестатқа" үміткер болып отыр. Болашақтарына мақсат қойған бозбала мен бойжеткендер өз тілектерін білідіріп, ән мен биден шашу шашты.