31
май
2020
"Біргеміз: Түлек-2020" ұранымен "Соңғы қоңырау сыңғыры" салтанаты
25 мамыр күні "Біргеміз: Түлек-2020" ұранымен "Соңғы қоңырау сыңғыры" салтанаты онлайн форматта өткізілді. Қуанышты сезіммен рухтанған жас өрендеріміздің бір легі келесі сыныпқа аттаған болса, енді бір легі үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы оқу жылында 1087 оқушы білім алып, 91 ұстаз еңбек етті. 242 оқушы үздік оқығаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. Мектебімізден 41 түлек мектеп бітіріп отырса, негізгі орта мектепті 84 оқушы аяқтап отыр. 9 сынып бойынша 7 оқушы: Серікбек Жібек, Тоқтамыс Ақмарал, Төлеуғазина Айгүл, Рахимбекова Диана, Меңіс Жұлдыз, Орынтай Үміт және Темірханова Аружан үздік куәлікке бітіріп отырса, 11 сыныптардан 1 оқушы, Болатжанқызы Жібек "Алтын белгіге", ал Оралғажиева Алина "Ерекше аттестатқа" бітіріп отыр. Құттықтаймыз! Мереке құтты болсын!