01
сентябрь
2023
«Мектебім -мейірім мекені»
2023 жылдың 1 қыркүйек күні қаламыздағы тұңғыш қазақ мектептерінің бірі, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп лицейінің 1317 шәкіртіне алғашқы қоңырау соғылды. Алғашқы қоңырау салтанатына Жетісу облыстық білім басқармасының бас маманы С.О.Базарбаев, Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Шарипбай Айдар Минашұлы қатысып, салтанатқа жиналған білім алушылар мен бірінші сынып бүлдіршіндеріне өз жүрекжарды құттықтауларын білдірді. Сондай-ақ мектеп-лицейіне жаңадан тағайындалған мектеп директоры Салтанат Бейсенбайқызы Жанаберлиева өз құттықтауын білдіріп, жаңа оқу жылына шығармашылық табыстар тілесе, биылғы оқу жылында әр мектепке бөлініп жатқан «Әдеп және тәрбие менторы» маманы Б.Н.Қуанышбаев өз тілегін білдіріп, менторлық жұмыспен қысқаша таныстырып өтті. Өткен оқу жылы мектепті аяқтаған 59 түлектің орнына биылғы оқу жылы 131 бүлдіршін 1 сыныпқа қабылданды. 1-11 сынып аралығындағы оқушыларға «Мектебім -мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Салтанатты жиыннан соң Жетісу облыстық Полиция Департаменті инспектор-психологы, УКрП ДП полиция-майоры Тынышбаев Алмас Өмірғалиұлы мектебіміздің кадет сыныбы оқушыларымен және 11 сынып түлектерімен кездесу өткізді. Видеосы: https://www.instagram.com/p/Cwo7W6KJAhS/?hl=ru














