Кадет сыныбы ант қабылдады №2 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
25
октябрь
2019

Кадет сыныбы ант қабылдады №2

Ағымдағы жылдың 23 қазан күні осы оқу жылында жаңадан ашылған 6а кадет сыныбы оқушылары салтанатты түрде ант қабылдап, кадет куәлігіне ие болды. Салтанатты рәсімге Алматы облысы полиция Департаментінің бөлім басшысы, подполковник Андабаев Мейіржан Ахметсапаұлы, "Динамо" дене шынықтыру және спорт қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының бұқаралық спорт жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, отставкадағы әділет полковнигі Атанбаев Дидар Сайлауұлы жəне Талдықорған қалалық полиция басқармасы кадр саясат бөлімінің бастығы Булегенов Мұхит Баймұрзаұлы қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар кадет оқушылары қоян-қолтық күресімен тегін шұғылдануға "Динамо" спорт кешенінің куәліктеріне ие болды. Өткен оқу жылында кадет сыныбына қабылданған, осы уақытқа дейін тәжірибе жинақтаған 7б кадеттері автоматты шашып-жинаудан шебер сынып көрсетті. Сондай-ақ жас кадеттер ән мен биден шашу шашты.
Кадет сыныбы ант қабылдады №2
Кадет сыныбы ант қабылдады №2
Кадет сыныбы ант қабылдады №2
Кадет сыныбы ант қабылдады №2
Кадет сыныбы ант қабылдады №2
Кадет сыныбы ант қабылдады №2