"Әкем, анам және мен" отбасылық спорттық сайыс » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Әкем, анам және мен" отбасылық спорттық сайыс
17
март
2019

"Әкем, анам және мен" отбасылық спорттық сайыс

"Саламатты Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 23 ақпан күні кадет сыныбының кураторы, АӘД пәнінің мұғалімі Қамза Құрманбектің ұйымдастыруымен 6б кадет сыныбы отбасыларының арасында «Әкем, анам және мен» атты спорттық-эстафеталық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты — оқушылармен бірге ата – аналарды қатыстыра отырып, отбасылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Аталмыш сайысқа барлығы 6 отбасы қатысты. Отбасылар жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беріп, жеңімпаз атануға даяр болды. Осы қызыққа толы тартысты сайыста І орынға кадет Қанатбек Гауһардың командасы Кущановтар отбасы жеңіске жетті, ал ІІ орынға Марат Әдемінің командасы Ашимовтар отбасы ие болса, ІІІ орынға Айтмұханбет Әбілмансұрдың командасы Оразбаевтар отбасы ие болды. Құттықтаймыз! Еліміздегі әрбір отбасы мерейлі болсын!
"Әкем, анам және мен" отбасылық спорттық сайыс
"Әкем, анам және мен" отбасылық спорттық сайыс
"Әкем, анам және мен" отбасылық спорттық сайыс