23
сентябрь
2018
"Физикалық белсенділік"
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүргізіліп жатқан "Физикалық белсенділік" акциясы аясында мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 6 сыныптар арасында спорттық көпсайыстан жарыс өткізілді. Аталмыш жарыста І орынға 6б кадет сыныбы жеңіске жетсе, ІІ орынға 6а сыныбы және ІІІ орынға 6ә сыныбы ие болды. 9-10 сыныптар арасында кіші футболдан жарыс өткізілді. Қорытындысында І орынға 9б сыныбы жеңіске жетсе, ІІ орынға 10а сыныбы және ІІІ орынға 9а сыныбы ие болды. Ал 4 сыныптар арасында «Көңілді эстафета» жарысы өткізілді. Бұл жарыста жеңіске «достық» жетті.