11
декабрь
2017
«Еліміздің рухын көтерген – спорт саңлақтары»
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні мектебімізде, «Еліміздің рухын көтерген – спорт саңлақтары» атты елімізге танымал спортшылармен кездесу өткізілді. Шараның басты мақсаты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ауқымды идеяларын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру және өскелен ұрпақтың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтына дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу. Кездесуге Жетісу өңірінен шыққан, Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, каратэ жекпе-жегінен Әлем және Азия чемпионы Мерей Сүйінов, садақ атудан Әлем кубогының иегері Санжар Мұсаев, каратэ-до жекпе-жегінен Азияның үш дүркін жеңімпазы Біржан Байжанов, джиу-джитсу жекпе-жегінен Әлем чемпионы Елдос Қабденов және Талдықорған қалалық әкімшілігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Рымтаев Әділет Рымтайұлы келіп қатысты. Аталмыш шара өзгеше форматта жүргізілді. Спорт жұлдыздары мен оқушылар арасында тренингтер, қызықты ойындар жүргізілді. Әрине бұл жерде тек қана достық жеңіске жетті. Шара соныңда Б.Байжановтың шәкірттері каратэ жекпе-жегінен шеберлік өнерлерін көрсетті. Осы кеште барлық қатысушылар жақсы әсер алып, келген қонақтар мектеп ұжымы мен оқушыларға зор ықыластарын айтып, алғыстарын білдірді.