Серікжамал Нүсіпқызы Әжібекова » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
11
январь
2021

Серікжамал Нүсіпқызы Әжібекова

Серікжамал Нүсіпқызы Әжібекова - 10.10.1949 жылы Алматы облысы, Қораталды ауылында (қазіргіТекелі қаласы) дүниеге келген. ҚР білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты ұстазы, қоғам қайраткері, әнші, композитор. Президент Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері.

1964 жылы Ақтөбе республикалық мәдени- ағарту училищесіне түсіп 1968 жылы «Хор ұжымының жетекшісі» дипломын алып, еңбек жолын 1968-1976 жылдар аралығында Ақсу ауданының мәдениет саласында бастады. Аудандық мәдениет Үйінің әдіскері, Ақсу халық театрының әншісі, аудандық радионың дикторы, мәдениет Үйінің көркемдік жетекшісі, директоры және «Солнышко» балабақшасының музыкалық жетекшісі қызметтерін атқарды.

1976 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтына түсіп 1980 жылы «Ән-кдомпәні мұғалімі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін, 1980-1991 жылдар аралығында Ақсу аудандық музыка мектебінің мұғалімі, Ақсу мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқара отырып,сол кездерде ауданда өткен барлық мәдени-көпшілік жұмыстарына белсене қатынасып, мектептер мен мекемелердің көркемөнерпаздар ұжымдарына кәсіби түрде көмек көрсетіп, көптеген концерттік бағдарламарды дайындап, жеке әншілер және әртүрлі әндік топтар (дуэт, трио, квартет т.б.) үлкенді-кішілі хор ұжымдарын құрып, олармен аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатынасып, жүлделі орындарға ие болды.

1991-2007 жылдар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде аға оқытушылық қызметін атқарды. Университет қабырғасында оқытушылық қызметпен қатар ғылыми-әдістемелік, шығармашылық, ағартушылық жұмыстармен шұғылданып, ғылыми мақала жазып,100-ден аса әндер шығарды.Кафедраның әдістемелік тобын басқару барысында жаңа технология, ұтымды педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы көптеген жұмыстар жүргізуге ынта қойды. Студенттері ғылыми конференцияларға белсенді қатынасуына жүлделі орындарға ие болуына көмек берді. Университет қабырғасында ақын, ф.ғ.к. профессоры Д.Аңсабаевпен бірлестікте І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Гимнының жазды. Гимнды студенттер әр кезде өтілетін шараларда орындап жүр. 2007 жылы зейнеткерлікке шығып, Талдықорған қаласы әкімшілігінің Өнер мектебінде, Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде және «Мен жұлдызбын!» үлгілі ән студиясында өнерлі балаларды үлкен өнерге баулып, оларды әртүрлі деңгейдегі байқауларға дайындап, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Серікжамал Нүсіпқызы – облыстың мәдениет және білім салаларында 51 жыл көлемінде абыройлы қызмет атқарды.

Серікжамал Нүсіпқызының оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқау, фестивальдаға ұдайы қатынасады. Олар Қазақстанның Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Қостанай , Ресейдің Сочи, Москва, Санкт-Петербург қалаларында, шет елдерде Голливуд, Түркия, Франция, Белоруссия, Латвия, Өзбекстан мемлекеттерінің сахна төрлерінде ән шырқап, жүлдегер атанды. Шәкірттері республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ең үлкен жетістігі, шәкірті, талдықорғандық Рухия Байдукенова Витебсктегі өткен Халықаралық "Славянский базар-2021" байқауында Бас жүлдені жеңіп алды. Ұстаз көптеген вокалды-хор ұжымдарымен, жеке әншілермен жұмыс жасап, 2007-2019ж.ж. аралығында 500-ге жуық әртүрлі деңгейдегі лауреаттар дайындады.

Еңбектері бағаланып, халықаралық «Хрустальная магнолия» байқауының «Лучший мастер-педагог» (Голливуд),Ең үздік ұстаз» дипломымен (Ресей-Москва), «Надежды Европы» (Ресей-Сочи) халықаралық байқауының дипломымен, халықаралық «Харманд-фестиваль» (Түркия-Стамбул) «Рига симфони»,(Латвия),«Золотой микрофон»-(Қостанай), «Перекрестки»- (Минск) фестиваль-байқауының алғыс хаттарымен, халықаралық «Ақ көгершін», «Бозторғай», «Ғұмырдария» «Шаттық», «Күншуақ» (Астана, Алматы), республикалық «Әнші балапан», «Әсеттің әсем әндері-ай», «Жырлайды жүрек», «Атадан мұра», «Ұлы дала дарыны», Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының, «Тамшылар» радиоконкурсы, халықаралық «Жарық жұлдыз», «Восходящая звезда», «Музыкальное созвездие», т.б. және де көптеген облыстық, қалалық дәрежедегі дипломдар мен алғыс хаттарымен марапатталды. Шығармашылығы туралы «Жетісу» телеарнасы бірнеше хабарлар ұйымдастырды, облыстық, республикалық газет, журналдарда мақалалар жазылды.

Аты Ақсу ауданының Құрмет кітабына «Абыз Ақсу, аңыз Ақсу, нағыз Ақсу» кітабына (С.Серпебаев, Алматы, Полиграфкомбинат,2012ж.), «Тарихы терең Талдықорған» (авторлық бірлестік Ә.Ысқабай, Т.Әбдіуәли, А.Қасабек т.б. Алматы, «Дәуір» 2012ж.) альбом-кітабына енгізілген. Республикалық «Қазақстан» телеарнасының «Айтуға оңай» бағдарламасына 2 рет арнайы шақырылып қатынасты. 12-12 акпан 2017 ж. Алматы қаласында өткен республикалық«Атадан мұра» байқауынан 5 оқушы Гран- при жүлде алғаны үшін «Лучший ұстаз» лентасымен және алғыс хатымен марапатталды. 06,03,2017ж. халықаралық әйелдер күніне орай Алматы облысының Құрмет грамотасымен марапатталды, мәдениет қызметкерлерінің күнінде «Лучший мәдениет қызметкері» номинациясын иеленді.

Марапаттары: ҚР білім беру ісінің үздігі белгісімен (2000ж,) ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2008ж.), сонымен қатар, көптеген облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқаулардың «Лучший ұстаз» дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталған, 2016 ж. «Лучший мәдениет қызметкері» номинациясын иеленді. 2016-2017 оқу жылының нәтижесі бойынша Қазақстан республикасы Білім беру саласына қосқан үлесі үшін республикалық ғылыми-педагогикалық «Алаш ұстазы» әдістемелік журналының «Алаш ұстазы» төсбелгісімен марапатталды. Бүкілодақтық халық таланттары байқауының лауреаты. 2019 жылы «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері атанды.

Жанұясында 3 баласынан-, 5 немере, 1 шөбере тәрбиелеп отырган ардақты әже. Жолдасы-дарынды музықант, ҚР білім озаты, ұлағатты ұстаз - Алыбаев Талғат Жексембайұлы 52 жасында 1999 жылдың 19-шы желтоқсанында қайтыс болған.