Нұртай Мүсірәліұлы Тұмбаев » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
13
январь
2021

Нұртай Мүсірәліұлы Тұмбаев

Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлы - «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, көптеген марапаттардың иегері. 2004 – 2017 жылдары Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі директоры болып қызмет атқарған.

Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлы - 09.03.1953 жылы Көксу ауданы, Мұқыры аулында дүниеге келген. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын 1980 жылы бітірген алғашқы түлектердің бірі. Жоғары білімді маман еңбек жолын облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтынан бастады. Бұдан кейін Талдықорған, Көксу аудандық оқу бөлімдерінде инспектор (1980-1991 жылдар); Талдықорған облыстық, қалалық білім басқармаларының бас маманы (1991-1998 жылдар) қызметтерін атқарды. 1998 жылы Талдықорған қалалық білім бөліміне қарасты Еңбек ауылындағы №22 мектептің директоры болып тағайындалды. Аталған мектепте абыроймен қызмет атқарған тәжірибелі маман 2004 жылы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп- лицейінің директорлығына тағайындалды. Осы аталған мектепте қызмет етіп жүргенде тәлімді тәлімгер, іскер басшының облыстық білім саласындағы көп жылғы еңбегі өз кезінде бағаланып отырды. 2017 жылы зейнеткерлікке шықты.
Өмірінің 47 жылын білім саласына арнаған ол, 37 жыл қаламыздың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлесін қоса білген азамат.
Нұртай Мүсірәліұлы 2021 жылдың 5 шілдесінде дүниеден озды. Иманы жолдас болсын...