17
октябрь
2019
«Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды
Мектебімізді 13 жыл басқарған Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлы қала күні мерекесі салтанатында «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Өмірінің 47 жылын білім саласына арнаған ол, 37 жыл қаламыздың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді.
Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлы - Көксу ауданы, Мұқыры аулының тумасы. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын 1980 жылы бітірген алғашқы түлектердің бірі. Жоғары білімді маман еңбек жолын облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтынан бастады. Бұдан кейін Талдықорған, Көксу аудандық оқу бөлімдерінде инспектор (1980-1991 жылдар); Талдықорған облыстық, қалалық білім басқармаларының бас маманы (1991-1998 жылдар) қызметтерін атқарды. 1998 жылы Талдықорған қалалық білім бөліміне қарасты Еңбек ауылындағы №22 мектептің директоры болып тағайындалды. Аталған мектепте абыроймен қызмет атқарған тәжірибелі маман 2004 жылы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп- лицейінің директорлығына тағайындалды. Осы аталған мектепте қызмет етіп жүргенде тәлімді тәлімгер, іскер басшының облыстық білім саласындағы көп жылғы еңбегі өз кезінде бағаланып отырды. 2017 жылы зейнеткерлікке шықты.
Нұртай Мүсірәліұлы - “Білім беру ісінің үздігі” төсбелгісі; облыс,қала Әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары; облыстық, қалалық білім басқармаларының Құрмет грамоталарымен марапатталған.