Жұмабек Қуанышбайұлы » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
12
январь
2021

Жұмабек Қуанышбайұлы

Жұмабек Қуанышбайұлы - ақын-палуан, ұстаз. ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері. 

Жұмабек Қуанышбайұлы 1939 жылы 20 қазан күні Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көк-Өзек (Қаракөз) ауылында дүниеге келген. Балалық шағы мен жастық шағы Қаракөз ауылы мен Лепсі ауылында өтті. Лепсі орта мектебінен түлеп ұшып, Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын «мұғалім-жаттықтырушы (тренер)» мамандығына түсіп, спорт шебері атағымен бітіріп шықты.
Институт қабырғасында жүріп қазақ күресінен Қазақ КСР-нің екі мәрте чемпионы, еркін күрестен Қазақ КСР-нің 4-ші жазғы студенттер спартакиадасының жүлдегері атанса, Тбилиси мен Ташкентте өткен халықаралық турнирлерде жеңіс тұғырынан көріне білді. Сонымен қатар еркін күрестің қадірін асырған Әбілсейіт Айханов сияқты әйгілі палуандармен қатарлас жаттыққаны тәжірибесі мен талантын ұштай түсті.

1963 жылдан Ақсу ауданы мектептерінде мұғалім, аудандық спорт комитетінің төрағасы, содан кейін 25 жыл Ақсу аудандық спорт мектебінде еркін күрестен аға жаттықтырушы болып қызмет атқарады. Осы жылдар аралығында тәжірибелі спортшы-ұстаз, жаттықтырушы ретінде ауданда спорт саласын өркендетуде елеулі еңбек сіңіреді. Оның тәрбиелеген көптеген шәкірттері — спортшылары халықаралық, республикалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып отырған. Ақсу ауданындағы бір ғана «Мамания» (бұрынғы Ы.Алтынсарин атындағы) мектебінің ол жаттықтырып-тәрбиелеген 53 шәкірті ұстазы жолын қуып, «дене тәрбиесі» факультеттерін бітіріп, кәзіргі таңда еліміздің әр жерлерінде спорттың өсіп–дамуына үлестерін қосуда. Сонын ішінде бір оқушысы — дзю-до күресінен Бежін Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Житкеевтің алғашқы жаттықтырушысы (тренері) болған, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саят Қудайбергенов.
Өзі де күрес спортының дамуына қосқан үлкен үлесі үшін аудандық, облыстық, Республикалық түрлі дәрежедегі Дипломдармен, Алғыс хаттармен медальдармен марапатталған.
Жұмабектің спорттағы жетістігі жайында Қ.Р.Байтосовтың «Қазақтың Ұлттық күресі», Е.Мухиддиновтың «Батырлардың ұстазы» және П.Ф.Матущақтың «Қажымұқанның мұрагерлері» кітаптарында айтылған.

Жұмабек Қуанышбайұлы - 1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан ұзақ жылғы адал еңбегі үшін "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды.
1994 жылы - Қазақстан Журналистер одағына қабылданды. 
1994-1996 жылдары Ақсу аудандық Мәслихатының депутаты болып сайланды.
1995 жылы - Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі" белгісімен марапатталды.
2004 жылы - Украина Президенті Л.Кучманың "Украинаның фашистік басқыншылардан азат етілгеніне 60 жыл" медалімен марапатталды.
2012 жылы - Қазақстан Жазушылар одағына қабылданды.

Жұмабек Қуанышбайұлы үлкен өнер иесі, дүлділ ақын ретінде де елге жақсы танымал. Ақсу ауданының «Бас ақыны» атанған. Оның «Ақсу жырлап ағады», «Қыран қияға самғайды», «Тагдыр арнасы», «Аққу мүсін», «Сулулық саған гашықпын», «Туғыр» атты кітаптары жарық көрген. Көптеген өлеңдері «Жайдарман», «Мөлдір бастаулар», «Шабыт», «Қарындасым қарлығашым», «Жетісудың жаңа әуендері», «Жетісу жырлайды» сияқты жазба ақындарының жинақтарында жарияланған. Сол сияқты шығармашылық өлендері газет басылымдары үнемі жарияланып отырылды. Сонымен қатар жетісулық композиторлар Өмірсерік Арапов, Серікжамал Әжібекова, Жұман Тұрдиев ақынның өлеңдеріне ән жазып, ел ықыласына бөленді.

Жұмекен ауданның қоғамдық жүмыстарына белсене араласты. Ауылдық, аудандық кеңестердің және Ақсу аудандық мәслихатының алғашқы шақырылымының депутаты болып сайланып, ел дамуына өзіндік үлесін қоса білді. Ақсу ауылындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды.

Жұмабек Қуанышбайұлы 1996 жылы Талдықорған қаласына отбасымен көшіп келіп, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейіне алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы болып орналасты. 2002 жылы аталмыш мектептен зейнеткерлікке шықты. Жұмекен зейнетке шыққаннан қайтыс болғанға дейін Ақсу ауданында, Талдықорған қаласында жас ұрпақты спортқа, салауатты өмір салтын насихаттауға, Отаншылдыққа тәрбиелеу шараларына белсене араласты. Жұмабек Қуанышбайұлы 2014 жылдың 12 ақпанында, 74 жасында дүниеден өтті.

Жұбайы, Білісбаева Шариза Бекқалиқызы Ақсу ауылындағы Ақсу орта мектебінде және Ы.АлтынсаринСредняя школа имени те мұғалім болған, қазіргі кезде зейнеткер. Қазақстан (КазСРО) Оқу министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Балалары, Қуанышбаев Қайрат /1965 ж.т./ - жеке кәсіпкер, Қуанышбаев Қайыржан /1977ж.т./ - Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және Қуанышбаев Айбат /1979 ж.т./ - Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы.