Мектеп тарихы » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
09
январь
2021

Мектеп тарихы

Талдықорғанда ашылған алғашқы қазақ мектебі. Мектеп тарихы былайша сыр шертеді: «Жаңа оқу жылы басталған бүкіл халықтық мереке күні бұрынғы АбайСредняя школа имени тің үйінде қаладағы тұңғыш қазақ орта мектебінің ашылу салтанаты болып өтті. Бұл 1989 жылы болатын. Білім ордасының ашылу салтанатын халық депутаттары Талдықорған қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Жайлыбаев кіріспе сөз сөйлеп, өз құттықтауын білдірді. Салтанатты жиында 83 жастағы 20 немере сүйіп, 15 шөбере көрген мектептің бірінші сыныбына шөбересі Динараны әкелген Айша Омарова әже ақ батасын берді. Жетісулық ақын Әбен Дәуренбеков «Шашу» өлеңін оқыды.
Сондай-ақ мектептің салтанатына халық депутаттары облыстық кеңес атқару комитетінің төрағасы (председатель) Сағымбек Тұрсынов, халық депутаттары облыстық кеңес (совет) атқару комитетінің орынбасары Қалима Жазылбекова, Талдықорған қалалық партия комитетінің секретары Күләш Нағатайқызы Шәмшидинова, облыстық білім беру басқармасының бастығы Тұрсын Әбдірешов қатысты».
Осылайша Талдықорған қаласында барлық көңілге қуаныш ұялатқан алғашқы қазақ мектебі 360 оқушыға құшағын айқара ашты. Алғашқы қоңырау соғылған қазақ мектебінде 22 мұғалім, 12 сынып өз жұмысын бастап кетті. Қазақ тілінде дәріс беретін білім ошақтары осыған дейін болмаған еді. Аралас мектептер, соның ішінде орысша білім алушылар саны басым болатын. Сол тұста орыс сыныбында оқып жүрген балаларын ата-аналар қазақша оқыта бастады. Тәуелісіздіктің ұландары өз ана тілінде оқуға көшті. Мектепте ең алғашқы пионерлік дружина құрылып, Ғани Мұратбаевтың есімін алу үшін үлгілі тәртіп пен жақсы оқуды қолға алған.

Алғашқы мектеп директоры болып Сайын Омарбаев тағайындалды. Физика пәнінің мұғалімі өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін іскер басшы ретінде танылды. Ол кісі мектепті 1989 – 1992 аралығында басқарды. Үлкен ұжымның негізін қалаған және де мектеп ғимаратының іргетасын салуға үлкен үлес қосқан еңбекқор жанның мектеп тарихында өзіндік орны бар.

1992 – 1996 жылдары мектеп директорының қызметін Күләш Нағатайқызы Шәмшидинова атқарды. Химия пәнінің маманы оқушылардың сүйікті ұстазы әрі басшылық міндетін де абыроймен атқарған басшы. Мектеп басшысы болған кезде оқу-тәрбие жұмысын жаңа әлеуметтік экономикалық жағдайда бейімдеп, қолданбалы экономика пәнін оқытуды мектеп бағдарламасына енгізді. Ұжымның шығармашылықпен жұмыс жасауын қалыптастырды.

1992 жылы 22 мамырда Талдықорған қаласы әкімінің №270 өкімімен Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 информатика және қолданбалы экономика қазақ орта мектеп-лицейі атанды.

1996 – 2002 жылдары мектеп директоры қызметін Ғани Түстібайқызы Абдрахманова атқарды. Жоғары білімді химия пәнінің маманы К.Шәмшидинова бастаған істі жалғастырып, мектеп-лицейдің даму бағдарламасын жасауға басшылық етті.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі №569 қаулысына сәйкес Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 қазақ орта мектеп-лицейі болып бекітілді.

2000 жылы мамыр айында мектептің он жылдығы мен Бақтыбай Жолбарысұлының туғанына 165 жыл толуына арналған мерейтойы аталып өтті.

2002 – 2004 жылдары мектеп лицейді Сәлима Бекентайқызы Мамлеева басқарды. Жоғары білімді биология пәнінің мұғалімі С.Мамлеева мектептегі жас мамандармен жұмысты жандандырып, олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруда нәтижелі еңбек етті.

2004 жылдың қазан айынан 2017 жылға дейін мектеп директоры қызметін Нұртай Мүсірәліұлы Тұмбаев атқарды. Осы мектепті 13 жыл басқарған Нұртай Мүсірәліұлы қала күні мерекесі салтанатында «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Өмірінің 47 жылын білім саласына арнаған ол, 37 жыл қаламыздың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлесін қоса білген азамат. Сонымен қатар “Білім беру ісінің үздігі” төсбелгісі иегері.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін мектеп директоры қызметін Шалқар Мелісұлы Құдайбергенов атқарып келеді. Бүгінгі таңда мектептің материалдық және техникалық базасы, сынып кабинеттері, оқу бөлмелері талапқа сай безендірілген.

Білім ордасының мақтаныштары 

Мектепті білім айдынындағы үлкен кемеге теңегім келеді. Осы кемеде бала он бір жыл уақытын өткізеді. Қазіргі уақытта ұлағатты ұстаздар қауымы үнемі өздерінің шәкірттерімен мақтанады. Мұғалім бақыты да осы шығар. Мектеп ашылғалы да 30 жылдан асты. Бүгінде мектеп қабырғасын аяқтаған түлектер өздері қалаған мамандықта білім алып, «елдің кірпіші боп» қаланды. Мәселен, осы мектепте білім алған Рүстам Әли өңіріміздің дамуына үлкен қосып жатқандығын айтқанымыз жөн. Қазіргі күнде Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Әйгерім Құсайынқызы – Доктор PhD, «Болашақ» бағдарламасымен Канадада білім алған, қазіргі уақытта С.Демирел атындағы университетінде аға оқытушы.

Азамат Жылтыркөзов — еліміздің атын әлемге танытып жүрген опера әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әншісі болса, Данияр Оразаев — театр және кино актеры. Анель Смаилова — әнші, «Назар» тобы солисі, Данияр Арапов — Жетісулық композитор, музыка әрлеуші. Аягөз Серікқызы — айтыскер ақын ретінде танылды.

Спортшы жастар қатары да жетерлік. Мәселен, Дастан Балабеков – еркін күрестен ҚР спорт шебері, республикалық, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, қазіргі кезде «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «САРҚАН АУДАНЫНЫҢ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ директоры қызметінде. Тимур Шалов – спорт шебері, кикбоксинг жекпе-жегінен Әлем чемпионы, республикалық, халықаралық турнирлердің жүлдегері, әскери ойындардың жеңімпазы, қазіргі уақытта ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінде қызметте. Ал, Толқын Дәуренбекова – ММА жекпе-жегінен спорт шебері, Азия біріншілігінің жүлдегері, республикалық, халықаралық турнирлердің жүлдегері.

Бүгінде ақ халатты абзал жан, бейбіт күннің батыры Ілияс Нүсіпәлиев –реаниматолог-дәрігер. Талай жанды өлімнен арашалап қалып жүр.

Ұрпақ сабақтастығы

«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы»- дегендей, мұғалімдер мектептен түлек ұшқан шәкірттері әрдайым айтып мақтан етеді.
«Ұрпақтар сабақтастығы» деген жақсы ұғым бар. Осы мектеп-лицейде заңды жалғасын тауып келеді. Аталған білім ордасында ұзақ жыл алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болған, ақындық, балуандық қырымен танылған Жұмабек Қуанышбаев ағамыздың ұлы Қайыржан мұғалімдік жолды жалғастырып келеді. Айтар болсақ, Жұмабек Қуанышбаев - ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, Еңбек ардагері медалінің иегері. Қазақ күресінен екі мәрте еліміздің жеңімпазы атанған балуан болатын. Еркін күрестен және самбодан халықаралық жарыстардың жүлдегері және де бірнеше жыр жинақтардың авторы еді.
Ұстаздық жолды жалғастырғандар қатарында Бақыт Дүзгенбаева бар.

Шалқар Құдайбергенов, Б.Жолбарысұлы атындағы  №18 орта мектеп-лицейдің директоры:

 — Қазіргі таңда мектебімізде 1218 оқушы білім алуда. Оларға 100-дей мұғалім саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолында аянбай  еңбек етуде. Еліміз үшін  Тәуелсіздік  ұғымы – ең қастерлі де қасиетті. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі деп айтар едім.
Кезінде Елбасы Қазақстан — 2030 атты  даму стратегиясын ұсынып, алғашқы халыққа Жолдау жариялады. Сонда бұл аралықтағы жылдар алыс бір таудай көрінген еді. Алайда, тәуелсіз еліміздің белестен — белеске шығып дами түскенінің куәсі болып келеміз. 30 жыл – бір азаматтың орда бұзар жастық  шағы ғой.
Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Қазақтың  ұлан-ғайыр  жерді   аталарымыз аманаттап ұрпағына қалдырды. Қадірлей білуіміз керек. Мемлекетіміздің басты маңыз беретін саласы – білім,  денсаулық, мәдениет  екендігінде дау жоқ. Еңбек етіп еліміздің дамуына үлес қосатын  білімді жастарымыз көп болсын.